Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет27/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Редукция (лат. redіktіo – қайта оралу‚ кейін ысыру) – бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі. Редукцияға ұшырайтын да қысаң дауыстылар. Қазақ тілі тұрғысынан редукцияны қысаң дауыстылардың қайсыбір дыбыстық қоршауда әлсіреп‚ көмескі айтылуы деп түсіну керек. Орфоэпиялық сөздіктерде ондай жағдайда дауыстылар түсіріліп (шартты белгімен) жазылады: дәр'гер‚ қат'нас‚ тәж'рибе‚ аң'зақ‚ ад'раңдау‚ бад'рақ‚ ед'реңдеу‚ и'рім‚ қас'рет‚ жұд'рық‚ көб'рек‚ жұм'лу‚ көк'рек‚ түк'рік‚ мәк'рүк‚ құд'рет т.б. А.Байтұрсынұлы оларды алғаш түсіріп жазғаны белгілі.
Ғалым І.Кеңесбаев:
«Морфонологиялық құбылыстардың осы кезге дейін жете зерттелмеуі, барлық дыбысқа байланысты өзгерісті фонетика саласында қарастырып, фонетика заңдарымен түсіндіруге әрекет жасау редукциялану құбылысын дұрыс шешуге кедергісін тигізді. Мысалы: мойын-мойны, бірақ шойын-шойны емес, халық-халқы, бірақ балық, салық, толық сөздері балқы, салқы, толқы болып айтылмайды. Бұл мысалдардан бірізділіктің жоқтығын көреміз»
«Редукциялану, тек сөйлеу процесінде пайда болатын ықшамдалу процесі, ол мағынаға әсер етпейді» деп І.Кеңесбаев тұжырымдайды.
Элизия (лат. elіsіo – ысыру, ығыстыру) – сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа аяқталып, оған тіркесіп айтылатын сөздің, жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы дауысты болған жағдайда қатар тұрған бір дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде кейде алғашқысы, кейде соңғысы түсіріліп айтылады. Мыс., бара алмады – бар(а) алмады – баралмады, не үшін – не(ү)шін – нешүн. Дауыссыздардан тұратын қосымшалар (-қ, -к, -с, -п) дауысты дыбысқа аяқталған сөзге жалғанғанда Э. жолымен ықшамдалып жасалған. Мыс., тара+ақ – тара-қ, күре+ік – күре-к, т.б. Бірақ қатар келген барлық дауыстылар түсіріле беруі шарт емес. Бір ритмик. топтағы тіркестердің жігіндегі екі дауысты қатар сақталып та айтылады. Мыс., өте ақ, аса алыс, тұра ұмтылды дегенде өте, аса, тұра сөздерінің айтылуы дауыстылардың сақталуына себеп болады.
Б.Сағындықұлы зерттеуінше, сөз бен қосымша жігінде дауыстыларды сақтау үшін араларына дауыссыз қыстырма дыбыс қойып айтылады. Мыс., зырылда+ық – зырылдауық дегенде Э. бар да, зырылда+у+ық – зырылдауық дегенде у дауыссызы арқылы а және ы дыбыстары сақталып тұр деп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет