Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет28/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   148
Зерттегендер:
Б.Қалиев Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы – А., 1984.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ғылым, 1975
Төлекова Г.Қ. Қазақ тіліндегі сіңісу, ығысу құбылыстары. – Алматы.
2008ж.
Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы [Текст] : оқу құралы
64. Сөз мағынасының ұғымнан айырмашылығын түсіндіріңіз
Сөз болған жерде ұғымның болуы заңдылық екені мәлім. Ұғым мағынамен байланысып,оймен,ойлаумен ұштасып жатады. Ойлау мен сөзді бірінен- бірін тағы да бөліп алуға келмейді. Бірақ екеуін біріне тепе-тең деп қарауға да болмайды. Тіл білімінде ұғымды сөзден бөліп қарамай, сөзсіз ұғым болмайды дей отырып, сөз ұғымның қалыптасуында маңызды қызмет атқаратынын ғалымдар ертеден-ақ айтып келеді. Сөздің өзі белгілі дәрежеде ұғымының қалыптасуы арқылы сараланып, дыбыстық бір бүтін мағыналы сөзге айналады. Ұғымды қалыптастыруға, оны айтуға сөз керек болды. Өйткені ойлаудың өзі де сөз арқылы болатындықтан ұғымда сөз арқылы пайда болады, бірақ ұғымның мағынасы кең, бір сөзденде, көп сөзден де бір ұғым болуы әбден мүмкін.
Ұғым түйсіктен басталады. Табиғаттағы (сырттағы) зат адам түйсігіне әсер еткенде адам ойлай бастайды. Философияның заңы бойынша кез –келген көрінген зат адамда ой тудырады. Ұғымды сөз жинақтап аяқтайды. Осылай ету арқылы адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде сөз – түйсікті ұғымға айналдыратын форма деуге болады. Сондықтан ол екеуінің арасына тепе-теңдік белгі қоюға болмайды. Сөздің шығуы ұғымның сезім тұжырымының қабылдау актісі деуге болады.
яғни заттық ақиқатсыз, ешбір үғым да тумас еді. Сөйтіп ұғымның мазмұны сөздің мағынасы болып шығады.
Бірақ ұғым категориясы мен мағынаны да тепе-тең деп есептеуге болмайды. Мағына –ұғымның қалыптасқан, айқындалған түрі. Мағынаның ұғымнан айырылатын мынадай ерекшеліктері бар: 1) ұғым категориясы дүние жүзіндегі тілдердің бәріне де ортақ, бәрі де тас, ағаш, көл, тау, жақсы, жаман дегенді ұғады, яғни ұғым қай халыққа болсын бірдей. Ал сөздің мағынасы бәрінде бірдей емес, онда (сөз мағынасында) ұлттық ерекшеліктің ізі болады. Әсіресе бұл ерекшелік сапаны белгілеуде айқын көрінеді. Ұғым ұлттық ерекшелік жоқ десек те болады. Мысалы, қазақ тілінде көмір деп сөнген шоқты түсінсек, шоқ деп жанған күйін айтамыз. Шынында, бұл екі сөз екі түрлі заттың атауы емес, заттың екі түрлі күйін білдіреді. Бірақ екеуі екі басқа, біріне-бірі қаттыссыз атау болып сезіледі. Ұғымның мәні- сөз мағынасынан гөрі кеңірек, әрі жалпылау.
Ұғым адам санасында қалыптасатын категория болса, мағына тілде қалыптасатын категория. Осы себепті екеуінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Ең алдымен үғымда ұлттық белгі болмайды. Ол қай тілде сөйлегеніне қарамастан, бүкіл адамзат қоғамына ортақ. Үғым ортақ болғандықтан, адамдар ұлтына, нәсіліне қарамай бір-бірімен ұғыныса, түсінісе береді. Сөз мағынасында, бұған керісінше, ұлттық белгі болады. Сөздің ұғымдық мағынасының үстіне әр ұлттың ерекшелігіне қарай пайымдық мағына үстелетіндіктен, тілдік айырма пайда болады. Мысалы, қазақтар "қыстыгүнгі ызғарлы суықты" аяз дейді, башқұрттарды аяз деген сөздің мағынасы - "шуақ". Қазақтар "жайымен соққан желді" самал деп түсінеді, қырғыздарша қатты соққан жел - шамал. Қазақша мүләйім деген соз "жасанды, жәдігөй мінез" деген мағына береді, азербайжанша – мүләйім - "жұмсақ, биязы, жаймашуақ". Күшік деген сөз қазақ тілінде жағымды мағына білдірсе, орыс тілінде - жағымсыз мағынада. Осылайша тіл-тілден ұғымы мен мағынаның айырмашылығын көрсететін сөздерді топ-топтап көрсетуге болады.
Екіншіден, сөз мағынасы шындықты ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге оған адамның алуан түрлі қатынасын, мысалы, сый-құрметін, сүйінішін, куануын, керісінше, ренішін, қомсынуын, жек көруін, тағы басқа көзқарастарын үстеуге болады. Осыған орай мағынаға алуан түрлі эмоциялық рең жамалады. Үғымда мұндай эмоциялық бояу болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет