Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьессаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз



бет105/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129
25. Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьессаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз
Ғ. Мүсірепов — қазан төңкерісінен кейін қазақ даласында жаңа туған театрдың көрнекті драматургтерінің бірі. Ол қазақ драма жанры жаңа туып, дамып келе жатқан отызыншы жылдардың басынан осы жанрмен белсене айналысқан. Ғ. Мүсіреповтің қаламынан туған «Қыз Жібек» (1934) музыкалық драмасы (кейін осы аттас операның либреттосын жазды), «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» (1939), «Ақан сері—Ақтоқты» (1941) пьесалары театр сахналарына койылып, театр репертуарынан тұрақты орын алып келеді.
Жазушының бұл пьесалары тартысты оқиғаларға, ұтқыр диалогтерге, кейіпкерлердің дара характерлеріне, халықтың романтикалық сарынына құрылған аса құнды шығармалар. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесалары халықтың ауыз әдебиетіндегі ғашықтық жырлар сюжетіне құрылған. Жазушының ерекшелігі сол — халықтық жырларда суреттелетін Қозы, Баян, Қодар, Қарабай образдары мен Жібек, Төлеген, Бекежан, Сансызбай, Базарбай образдарын театрлық өнерге бейімдеп, көрермен көкірегінен мәңгі өшпес орын алатын бейне етіп шығара білуінде. Жазушы суреттеген драмалық бейнелер бір-біріне ұқсамайтын өзіндік адамгершілік қадір-қасиеттерімен, мінез-құлық, іс-әрекеттерімен дараланып көрінген. Сөйтіп ел аузындағы халықтық кейіпкерлерді әлеуметтік ортаның заңымен байланыстыра сомдап шығарған. Халықтық кейіпкерлерді пайданалана отырып, олар туралы аңызды дәстүрге сүйене отырып жазылған шығарма.
Мүсіреповтің драматургиясын терең зерттеген ғалым Н. Ғабдуллин ауыз әдебиеті шығармалары негізінде туған пьесаларды драмалық құрылысы мен жазылу мәнері тұрғысынан екі жікке ажыратып көрсетеді: «Негізгі өзегі ауыз әдебиетінде жатқанмен, драматургияның биік талабына сай жаңаша бітім, өрнек тауып, түпкі төркінге – драмалық оқиғаны ширата түсетін, дәуір келбетін танытатын соны әрекеттер қосылып, жаңа сапада туған шығармаларды бір топқа жатқызар едік; ал, ауыз әдебиетіндегі үлгіні драматургиялық қалыпқа ғана түсіріп, түпкі төркінді жөнді өзгеріске ұшыратпай, оқиғалардың фольклордегі желісін қуалай жазылған шығармаларды екінші топқа қосар ек» дейді де, «Қозы Қөрпешті» бірінші топқа, «Қыз Жібекті» екінші топқа жатқызады.
Мүсірепов шығармаларындағы фольклор – жазушының көркемдік әлемінің тұтас бір жүйесі, фольклорлық дәстүрді жалғастырушы. Жазушы шығармашылығын зерттеген Н. Ғабдуллин, М. Бекбергенов, Ж. Смағұлов, С. Жұмабеков, Х. Әдібаев, т.б. зерттеушілер өз зерттеулерінде жазушы фольклоризмін оның дүниетанымының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырып, өз зерттеу объектілерінің мақсат-міндеті түрғысынан атап өтті. Әдебиет дамуының әр кезеңінде фольклор толыққанды маңызды өнерді қалыптастыруда ең өміршең құрал ретінде қабылданды. Суреткер өз шығармаларында фольклорлық амал-құралдарды, фольклорлық сюжеттер мен сарындарды, фольклорлық кейіпкерлерді аса шеберлікпен пайдаланған. Бұл әдіс – әрбір дамыған әдебиетке тән құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет