Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Мағжан Жұмабаевтың «Оқжетпестің қиясында» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз



бет101/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129
18. Мағжан Жұмабаевтың «Оқжетпестің қиясында» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз
«Оқжетпестің қиясында» – 1923 жылы Ташкентте жарық көрген Мағжан Жұмабаевтың поэмасы.Бұл поэмада Кенесары хан туралы бір аңыз қазақ елі тағдырына байланысты үлкен тақырыпқа ұласқан. Шығарма эпикалық туынды. Қазақ халқы бодандық бұғауына көндікпеген ел. Соның дәлелі - Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Тарихта із қалдырған айтулы оқиғаны үлкен көркемдік идеяға көтеруде дәл осы туындының орны ерекше.Бұл поэмадағы басты идея - тәуелсіздік үшін күрес. Ақын өзі таңдаған ойдың айналасында тарихи деректер мен материалдарды еркін түрде пайдаланған. Халық жағдайын, ондағы батырлардың ерліктерін суреттеп жазу дәстүрін Мағжан Жұмабаев та жалғастырады. “Оқ жетпестің қиясында” поэмасы арынды шабытпен басталады:
Арқада Бурабайға жер жетпейді
Басқа жер ойды ондай тербетпейді,
Бурабай кӛліменен Кӛкшетауды
Кӛрмесең кӛкіректен шер кетпейді.
Қиясы мен бұлт құшқан Оқжетпестей,
Басқа тау ойды аспанға ӛрлетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді
Кӛкшеде күңіренген Кенен қайда?!
Дариға жүрегімді дерт ӛртейді.
Мағжан поэмаларының бір ерекшелігі ақын қай шығармасында болмасын алғашқы түйдекті шумағынан жазар тақырыбының мәнін, айтар ойын айқындап тастайды. Әрі бастау – әрі түйін.
Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасақ,
Кенедей енді неге ер тумайды?!
Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ,
Дариға, жүрегімді дерт улайды, – деп күңіренеді. Поэмадағы лирикалық сезіммен ұштастырылған асқақ романтика осы күңіреністен нәр алады. Мағжан өзіндік бұл стилімен өз эстетикасын оқырманға танытады.
. Ұрпақ жүрегіне от жағып, санаға сәуле құяды.
19. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз
Ілияс Жансүгіров 1934 жылы өзінің әйгілі «Күйші» поэмасын жазды. Қара өлең ұйқасына құрылған , 11 буынды , 4 тармақты туынды. Бұл І.Ж-ң Абайдың поэзияға қосқан жаңалығын, 11 буынды өлең шумақтары ретінде құрылуымен жалғастырған.
Оның күйін тыңдаған жұрт:
Жып-жым-жырт тыңдағандар тіл кескендей,
Құрыштап құлақтарын үн кескендей.
Сылдырап кейде қамыс, кейде бұлақ,
Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей.
Оның тартқан алуан түрлі: зарлы, ащы, тәтті күйлері тас бұлақтың суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңіл шымшиды.» Асан Қайғы», «Теріс қақпай», «Сарыөзен», «Бозінген», «Қаражорға», «Қорамсақ» күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырды шарлатып, Ұлы Дала аумағында өткен ел тарихын елестетеді. Осылайша халықтың салт-дәстүрін, ондағы әдет-ғұрып, ән-күйлерін жазу дәстүрін жалғастырады.
Поэмаға өзек болған негізгі идея — қазақ халқының тоқсан тарау, яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс, адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі.
Жаңашылдығы І.Жансүгіорв бұл поэмасы арқылы өнер психологиясын әдебиетте анық танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет