Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегіндегі ғылыми-ой пікірлерді айтыңыз



бет111/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129
32 Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегіндегі ғылыми-ой пікірлерді айтыңыз
Шоқан Уәлихановтың қазақ әдебиеті тарихына қатысты зерттеулерінің бірі ғалымның «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегі. Зерттеу мақалада Шоқан Уәлиханов қазақ әдебиеті тарихындағы бірнеше өлең үлгісіне ғылыми анықтама берді.
Мақала әлемді кезіп жүрген жыр өнері жайлы аңыз-әфсанамен басталады.
Шоқан Уәлиханов бұл еңбегінде «жыр» ұғымына теориялық айқындама береді. Жырлардың туу себептеріне, таралу жолдарына қатысты деректер келтіреді.
Түптеп келгенде, Шоқан Уәлихановтың ғылыми құндылығы осы уақытқа шейін маңызын сақтап қалып отырған бұл зерттеуі – қазақ әдебиеті тарихын ғылыми жүйелеу негіздеудің, дәуірлеудің басы. Қазақ әдебиетінің бай сөз мұрасын, көп жанрлы жәдігерлерін теориялық тұрғыдан пайымдаудың басы.
Жырдың тақпақтап айтылу ерекшелігі, қобыздың сүйемелдеуімен орындалатындығы, жыр мазмұнының тарихи негіздері, олардың халық батырлары өмірі мен ерлік жорықтары туралы болып келетіндігі жайлы Шоқан Уәлиханов әдебиеттің тарихи негіздері тұрғысында баяндаған. Батырлық жырлардың құрылым ерекшелігіне де ғалым көңіл бөледі. Батырдың ерлігі қара сөзбен баяндалып отырып, кейіпкерлер өз атынан сөйлегенде өлең түрінде жалғасатын ерекшелігіне мән береді. Шоқан Уәлиханов бұл теориялық тоқтамдарды «Еркөкше мен Ерқосай», «Орақ батыр» жырының мазмұнын келтіру арқылы дәйектеп, бекіте түседі.
Шоқан Уәлиханов жыр мазмұны, оның тарихилығы, көркемдік қуаты туралы айта отырып, сол жырларды орындаушы, кейінгіге жеткізуші ақындар жөнінен дерек беру арқылы да әдебиет тарихы мәселелерін жүйелейді, саралайды, тұтас алып қарастырады. Арыстанбай ақын, Нұрым жыраудың жыршылық қырлары, олардың шыққан тегі, өскен ортасы туралы Шоқан Уәлиханов зерделеулері маңызды.
Шоқан Уәлихановтың өзіміз тоқталып отырған зерттеу мақаласының әр сөйлемінің арғы мәні бар. Әдебиеттің пәнін теоретик ғалым әдебиет тарихының білгірі ретінде өлшем, түр, тілдік өріс, құрылым, мағына, мазмұн, тарихи негіз, т.б. нақтылы тұғырларда ғылыми зерттеуге тартқан Шоқан Уәлихановтың «Қазақ халық поэзиясы түрлері жөнінде» атты көлемі шағын, аяқталмаған, немесе соңғы жағы жоғалып кеткен бұл зерттеуі қалың том кітап, арнайы монографиялық еңбекке арқау болатын ғылыми жүкті көтеріп тұр.
Жыр, мен осыған дейін сөз еткен.

Жылау – жоқтау өлеңі. Әйелдер жанынан суырып салып айтады. Шумақ, тармақ көлемі жырлардікіндей болып келеді. Барлық жылаулардың, адам жанын тебірентерлік ең жақсысы, ең әйгілісі Орта жүзде, ол: Айғаным Уәлиеваның 1833 жылы шешектен өлген үлкен ұлы Мамекені жоқтап жылауы, және кейіннен суырып салма деген атағы шыққан әнші әйел 14 жасында, өлген күйеуін жоқтап айтқан жылауы.

Қайым өлең, сұрақ пен жауаптан құралатын, тойларда жас қыз бен жігіттің бір-бірімен айтысатын төрт шумақты өлеңі, алдыңғы екі тармағы төртінші тармақпен ұйқасады. Кейде бұл – қайым өлеңдер жұмбақ, эпиграммалар, әзіл-қақтығыс, тіпті ұятсыз сөздерге дейін кетіп қалатын кездері болады.

Қара өлең — әдеттегі, үйреншікті өлең, бұл өлең төрт шумақты, әр шумақта жеке-жеке ой жатады. Сондай-ақ, бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе, төрт шумақты өлеңдер мағынасыз болып келеді.



Өлең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет