Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Ғ. Қараштың шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты анықтаңыз



бет100/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

16. Ғ. Қараштың шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты анықтаңыз
Ғұмар Қарашұлының өз өмірі де жарқын болашақ халқының жарқын болашағы мен бақыты үшін арпалыспен өтті. Халықты оқыту, санасын оятуды жазу дәстүрін жалғастырды.
1958 жылы Англияда жарық көрген "Орта Азия" әдебиеті атты жинақтағы ағылшын ғалымы Томс Виннердің "Ғұмар Қараш″ деген мақаласында: "Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен ислам мәдениетін жырлаған ақын жазушылардың бірі – Ғұмар Қараш араб, парсы, шағатай, татар әдебиетімен діни мектептің қабырғасында жақын танысқан”,-деп көрсетеді. Осы мақала Ғұмар Қараштың өз дәуірінің айнасы, халық жағдайын жырлап, реалистік дәстүрді жалғасытрушы болғандығын дәлелдейді.
Бірнеше тілді еркін меңгерген дарын иесі өз шығармаларын бастауды халық ауыз әдебиетінен, сондай-ақ, шығыс, батыс, орыс әдебиетінен де алады. Ақын өлеңдерінде Абай, Махамбет, Мұрат әсері мол болғандығын, Бұқар Дулат, Шәңгерей өнегесінің ізін жалғастырғанын көруге болады. Әсіресе, "Замана жайынан" толғауынан ежелгі жыраулық дәстүр айқын аңғарылады.
Ақынның жаңашылдығы – XX ғасыр басындағы қозғалыстар Россиядағы социал-демократиялық идеялар, ұлт-азаттық күрестер, ұлттық ояну кезіндегі бұқара халықтың азаттық ұрандары оның белсенділігін арттырып, ел-жұрттың мүддесін ойлауға, сол үшін бар күшін аянбай жұмсауға алып келеді. Ол ұлт азаттық күрескерлердің алдыңғы тобына қосылды. Патша үкіметінің отар елі Қазақстанды өз алдына мемлекет ету, халын бұратаналықтан құтқару, өнер-білімге, мәдениетке қолын жеткізу жолына белін бекем буды. Жалынды ақын, жауынгер публицист ретінде шыншыл шығармалар жазып баспа сөз арқылы кең таратты.

17. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз
Мағжан Жұмабаевтың ақындық кемеліне келгенде жазған поэмасы – «Батыр Баян». Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған осы поэмада Мағжанның өмір туралы ұстанымы, көзқарастары жыр қанатында самғап, өнер қалыбына құйылған.
«Батыр Баян» поэмасын Ш.Елеукенов қазақ әдебиетінде Мағжан Жұмабаевтың реалистікпсихологиялық поэмаларының негізін қалағандығын айтып кеткен болатын. Және де, осы поэманы Ш.Елеукенов реалистік-психологиялық поэма деп таныды. Бұл Мағжан Жұмабаевтың жаңашылдығы деп көрсеткен болатын.
Мағжан Жұмабаевтың поэмаларын зерттеген зерттеушілеріміздің бірі – Ж.Балтоғаева да «Батыр Баян» поэмасын психологиялық сарында жазылғандығын айтып кеткен болатын. «Поэма психологизмі өте күрделі. Поэма адам жанының ұңғыл-шұңғылын негіз етіп алмайтын жанр деп қарасақ та, Мағжан білімі, мүмкіншілігі, қабілеті арқылы поэмаға ширығу, асқақтықты дәл осы құбылыстар арқылы берген. Мұнда адам мінезінің астары, жан-дүние ішкі қыртыстары, сезім толқыныстары мен психологиялық тартыстар образды түрде көрініс тапқан».
ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік бейнешілдік стилімен дараланған, Мағжанның жаңашылдығы әлем әдебиетіндегі символизмнің пайда болуымен де байланысты.
Батыр Баян мен Абылайханның қанды жорықтары ел бірлігін сақтаудан шыққандығын еңіреп отырып, келер ұрпақтың есіне салады. Нені ескертіп отырғаным санаңа жетті ме деп ымдайды. Сөйтіп, мемлекет болып қалу үшін халықтың бір тұтас бірлігі мен батылдығы керек деген идеяны астарлап айтуда сентиментализмді тәсіл етіп қолданады.
Ал, жаңашылдығы - ұлттың ұмытылып бара жатқан тарихын еске салуда символдық образдарды ерлікке шақыратын құрал ретінде пайдалануы. «Батыр Баян» поэмасында Баянның інісін не үшін өлтірген себебін өз-өзінен сұрату арқылы оның мәнісін іздеп табуды оқырмандардың өзіне жүктейді.
Сөйтіп, тарихы белгісіз атанған қазақтың тегін еске салып, намысын оятып, тәуелсіздік үшін күресуге ымдайды. Жаңа заманның өзі келісе алмайтын солғын тұстарына қарсылығын білдіреді. Бұл арқылы ертеде қандай ел едің деп, жасыған жандарына қуат беріп, рухы өлуге айналған елді «тірілтуге» тырысады. Сол арқылы этнос пен этностың арасында тең еместік деген кедергіні жойып, мәдениет пен тарих алдында тең емес халықтар болмайтындығын дәлелдейді. Бұдан Мағжанның символистік тәсілдері санаға психологиялық сендіру арқылы үстемдігін жүргізуге негізделгені байқалады. Сол арқылы ол өз құдіретіне өзі сенбей жасқанып тұрған халықтың бойына жігер, ойына қуат пен рух беріп, санасындағы күдік пенен күмәннің ара қатынасын үзіп, өз-өзіне баға беруге үйретіп, ұлттық сезімін ояту арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға тәрбиелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет