Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыруды талдаңыз



бет98/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

14. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыруды талдаңыз
Қазақ ақын- жазушыларының бүкіл шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады. Сондықтан ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сөз еткенде, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғанын атап өту ләзім. Онсыз сол кездегі поэзияның даму барысын, көтерілген биігін аша алмаймыз.
Абай дәстүрін жалғастырушылар ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды біртуар дарындар еді. Бұлардың бәрі өз кезегінде Абай ұлылығын тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қазақтың бас ақыны” деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса, Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” көреді.
Абай ұлылығын тани біліп, ақындығына табынған осынау “оқушылар” ұлы ақын дәстүрінің әр қырын, әр бағытын өз шығармашылық мүмкіндігіне, ұстанған мақсатына орай дамытып, жаңғыртып әкетті.
Шәкәрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам болмысын танудағы ізденісін, адамның адам болып қалу жолындағы имандылықты, ар-ұяты, адамгершілікті уағыздау өнегесін, білім мен өнер шашпақ үлгісін, теңіздей терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты. «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр».
Ахмет бас ақынға қоғамның ең көкейкесті мәселелерін қозғаған ой- толғаныс, отарлық уысындағы ұлттың қамын ойлаған тұстан үндесіп, азаматтық ұстанымнан туындаған азаттық сарынды алға тартуымен жаңаша жол тапты. «Маса», «Қырық мысал»
Міржақып өлең өнерінің Абай таныған құдіретін мойындау арқылы оны ұлттың санасын азаттық күреске оятудың күшті құралы деп біліп өз поэзиясына азатшылдықты арқау етуі негізінде Абаймен іштей үндесіп, өлең өлкесіне өзіндік өршіл рух септі. «Оян, қазақ», «Шағым», «Жастарға».
Мағжан “ақынның ақыны” ретінде “Хакім Абайдың” сыр мен сезімге толы көңіл күй лирикасын, адамның ішкі болмысына терең бойлаған сыршылдығын, жан тебіренткен сезімнің терең иірімдерін жүрекке дөп жеткізер сезімшілдігін, жансызға жан бітірер суреткерлігін шебер игеріп, оны “европалық әшекеймен” үлбіретіп, өзіндік үлгі тауып, өзгеше өріспен ұштастырды. «Мен жастарға сенемін», «Қазағым», «Қазақ азаматы».
Сұлтанмахмұт әлеуметтік өмірдегі теңсіздік көрінісін шыншылдықпен суреттей біліп, қоғамдық қайшылықтың негізін “көкірек көзімен” көріп, нақты танып-біліп, ащы шындықты ақындар пайғамбары санаған Абайша айта алып, шыншылдық пен сыршылдықтың өрісін кеңейтті. «Кешегі түс пен бүгінгі іс», «Қамар сұлу».
Қарап отырсақ, ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар Абай ақындығынан үлгі өнеге ала отырып, ұлы тұлғаның сан қырлы, мол сырлы поэзиясының жандарына жақын, рухына үйлес, өз ой-пікірімен үндес келер тұсын үйіріп әкетіп, жаңғырта да жаңаша дамытқанын байқаймыз.
Жалпы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар туралы 30- жылдардан бергі кезеңде әр түрлі сипатта болса да сөз болып келеді. М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Е.Ысмайловтың, Ы.Дүйсенбаевтың, А.Нұрқатовтың, Қ.Мұхаметхановтың, Ә.Жиреншиннің, З.Ахметовтің, З.Қабдоловтың, Т.Кәкішевтің, Р.Нұрғалиевтің, Ж.Ысмағұловтың, Б.Әбдіғазиевтің, К.Бейбітованың әр кезде шыққан зерттеу еңбектері осының айғағы.
Абай дәстүрін шеберлікпен үйреніп, батыс пен шығыс классикалық әдебиетінен сусындаған Ахмет, Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Міржақып сынды сөз өнерінің щеберлері ХХ ғасырдың басында ұлттық поэзиямыздың әлемдік деңгейге көтеріліп, қоғамның шындығын шынайы ашып, оны эстетикалық қуатпен бейнелеудің көркемдік үлгісіне айналуы жолында аянбай еңбек етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет