20. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз 21. М.Сералин «Топжарған», «Гүлкашима» поэмалаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз. «Гүлкәшима» - ғашықтық жыры. «Гүлкәшима» поэмасының тақырыбы - қазақ қызының бас бостандығы, сүйіспеншілігі. «Гүлқашима» поэмасы кезінде поэзиядағы жаңа леп, жарқын құбылыс болды, мұндағы негізгі түйін — әйел теңдігі мәселесін шешудегі жаңа ізденіс еді. Шығарманың баскейіпкерлері ақыры қайғылы халге ұшырайды: Гүлкашима өзі сүймеген, сүймек түгіл беті-жүзін көріп-білмеген бір наданға қор болып, зарлап кете барады, ал Баймағанбет болса... «Мақсатқа ойға алған жетпеген соң» тірі жүргеннен өлген артық деп, өзін өзі өлтіріп тынады, ол басын өлімге байлауымен ескі салт-санаға ашық қарсылық білдіреді. Ақын бірін-бірі шын жүректен сүйген екі жастың мұндай күйге дұшар болуының басты себебі: «Қазақтың келіспеген ғадетінен» деп біледі; мұны ол екі бүкпесіз ашық айтады. Қазақта бірін-бірі жастар қанша сүйгенімен қыз айттырылған жағына күйеуге кетуге мәжбүр. Сұлушаштың бай баласына айттырылуын суреттеу арқылы автор бел құда, бесік құда, ерте жастан сырға салып кету деген сынды қазақтың ескі дәстүріне қарсы екенін эксплицитті түрде жеткізген.
Мұхамеджан Сералиннің «Гүлкәшима» поэмасы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш реалистік поэмалардың бірі. Бұған дейінгі поэмалар негізінен ауыз өдебиеті үлгісіндегі эпостық, салттық жырлар мен ертегідегі Шығыс әдебиегі дәстүріндегі ертек, қиял-ғажайып қиссалар, дастандар еді... тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан болсын, сюжеті мен композициясының қисынды, қызықты болып келуі, реалистік жайларды көрсетуі жағынан болсын «Гүлкәшима» көркем шыққан поэма, бұл өз заманында жаңа көрініс, үлкен табыс» деп айтса, «Қазақ әдебиеті тарихының» II томының екінші кітабында М. Сералинге арналған тарауда (ғалым Ә. Дербісәлин) ...Таранған тоты құстайбір асыл зат,
Меңзесем хор қызына болмайды ұят.
Ақ жүзді, ақылы кәміл, шырын сөзді,
Үстіне сәндік үшін киген манат.
Көп артық ұзын емес, орта бойлы
Аса көп сөйлемейді, терең ойлы,
Күлгенде екі беті шұқырайып,
Сүйкімді көрінеді жүзі нұрлы...
Автор ақ жүз, нұрлы жүз, шырын сөз деген авторлық эпитеттерді қолданып, шығарманы ажарлай түскен. Эпитеттерді молынан қолдану М.Сералиннің өзіндік ерекшелігі.Және бойжеткеннің дәл бұлайша суреттелуінде сұлулық жөніндегі тек қазаққа ғана тән түсінікпен қалыптасқан бейнелеулермен бірге өзіміздің көне фольклорлық сұлулық суреттеулер, кейде шығыстық үлгідегі дастандар, қиссалардағы суреттеу дәстүрлерімен араласып келіп астасып кеткен.
Поэма сол кездегі қазақ даласындағы қоғамдық дертті мәселелердің бірі - әйел бас бостандығы мәселесін көтерудегі және шешу жолындағы алғашқы адым. Ғашық жар, махаббат жөнінде қазақтың фольклорлық дүниелерінен бастап М. Сералиннің «Гүлкәшимасына» дейін талай сөз болған.
Сералиннің «Топ жарған» атты поэмасы төңкерістен бұрын жарық көрген тұңғыш реалистік шығармалардың бірі. «Топ жарған» қазақ тұрмысынан алып жазылған əрі нақты тарихи шындыққа негізделген алғашқы реалистік туынды. М. Сералиннің бұл поэмасына дейін əдебиетімізде сюжетті поэмалар қатарында нағыз қазақ өмірінің шындығын бейнелейтін көркем эпикалық туындыларды онша ұшырата алмаймыз. Шəкəрімнің «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» туындылары «Топ жарғаннан» кейін жарияланғанын ескерсек, бұл поэманың қазақ поэмалары тарихында алатын өзіндік орны, салмағы бар екені айқын көрінеді.
«Топ жарған»-тарихи поэма. Себебі поэманың кейіпкерлері, онда суреттелетін оқиғалар қазақ халқының өмірінде ХІХ ғасырдың 30-40 ж. болған тарихи шындықтың көрінісі екені ақиқат. Қазақстан тарихында ХІХ ғасырдың 30-40 ж. болған Кенесары Қасымов бастаған ұлт азаттық көтері-лісіне тоқталынған. Халықтың мұң-мұқтажын, соғыс кезінде халықтың ерлерін жырлау дәстүрін жалғастырған.
Шығарманың сырттай қарағанда, ХХ ғасыр əдебиетінде мейлінше көп көтерілген əйел теңдігі тақырыбына ешқандай қатынасы жоқ та тəрізді. Былай алып қарағанда, əйел теңдігіне ешқандай қатынасы жоқ осы бір туындысында ақын қазақ қоғамын жегідей жеп, қараңғыда ұстап келген ескі, көне салт-сананың бірі - əйел қауымы турасындағы сорақы түсінік пен əдет-ғұрыптарды көрмей, олар туралы өз көзқарасын білдірмей өте алмайды, автор осы позицияның өзін заман қойған өскелең талап тұрғысында суреттеп бере алған. Ақынның жаңашылдығы да осында жатыр.