Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысын сипаттаңыз



бет15/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

60. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысын сипаттаңыз 


Ана тілін оқыту әдістемесі ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында, басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілінің оқыту жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз А.Байтұрсынов болды. 1905 жылы 26 шілдеде А.Б бастаған бір топ қазақ зиялылары Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателіне петиция жазды. Онда қойылған басты талаптар:
- Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын;
- Ауыл балалары мектепте сауатын қазақ тілінде ашсын;
- Оқу ана тілінде жүргізілсін.
Осы талаптарды жүзеге асыруда А.Байтұрсынов 1912 жылы «Қазақша оқу құралы», 1914-16 жылы фонетикаға, морфология, синтаксиске арналған «Тіл құралы», 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін жазып шығарды. Қазақ тілін оқытып, онда оқушыларды дамытуда тілді дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін қалады. Бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды.
А.Байтұрсынұлы бастап берген ізбен Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша «Әліппе», «Оқулық» еңбектерін жазып шығарса, А.Сәдуақасов «Қазақ тілінен әдістемелік құрал», С.Жиенбаев «Қазақ тілінің оқыту әдістемесі» еңбектерін жазды. Одан соң, Р.Әміров, Ғ.Бегалиев, Қ.Бозжанова қазақ тілін оқытудағы әдіс-тәсілдерді саралап, ғылыми еңбектері жарық көрді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысына тоқталсам.
Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады. Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.
Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.
Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланыс¬ты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
Қазақ тілін оқыту методикасы логикаға да тікелей қатысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дүрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дүрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектепокулығындағыәр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.
Осылайша, қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Методиканың негізгі тірегі қазақ тілінің фактілері. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілер бойынша” білім берудің теориясы мен практикасы қарастырылады. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалады. Яғни тілдік фактілердің қорытылып, шешілген мәселелері мектеп оқушыларына жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет