Дәріс 13,14Математикалық логикалық элементтері Жоспар



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі18,82 Kb.
#134894
  1   2
Байланысты:
Документ (2)


Дәріс 13,14Математикалық логикалық элементтері
Жоспар:
Пікір ұғымы.
Пікірлерді теріске шығару.
Пікірлердің конью.дизью.импликациясы,эквиваленциясы

Логика деген не? LOGOS (грек сөзі)- ұғым, түсінік, пікір айту, ақыл дегенді білдіреді «Логика» - ойлау процессі бағынатын ережелер жиынтығы.
Абстракты ойлаудың негізгі формалары: түсінік (ұғым), талдау (талқылау), ақыл-ой қорытындылау.
Түсінік (ұғым )– бір заттың немесе біртектес заттардың негізгі белгілерін көрсететін ойлау формасы ( Мысалы: трапеция, үй).
Талдау – зат туралы кейбір ойды құптау немесе жоққа шығару (көкткм шықты, және құстар ұшып келді).
Ақыл-ой қорытындылау - берілген білімнен жаңа білім шығарып алудың ойлау тәсілі (барлық металдар – қарапайым заттар).
Формальды логика – дұрыс ойлаудың заңдары мен формалары туралы ғылым.
Математикалық логика – логическалық байланыстар мен қатыстарға негіз болатын логикалық (дедуктивтік) тұжырымдарды зерттейді.Логиканың даму кезеңдері:
АРИСТОТЕЛЬ (б.э.д. 384-322жж.)– логиканың негізін қалаушы. Кітаптары:
«КАТЕГОРИЯЛАР»;
«БІРІНШІ АНАЛИТИКА»;
«ЕКІНШІ АНАЛИТИКА».
Ол талқылаудың әртүрлі формаларын зерттеген. Талқылау, силлогизм ұғымын енгізген.Силлогизм – берілген екі пікірден үшіншісін шығаратын талқылау.
1. Мысал.
1. Барлық сүтқоректілердің скелеті бар.
2. Барлық киттер – сүтқоректілер.
3. Бұдан, барлық киттердің скелеті бар екені шығады.2. Мысал.
1. Барлық квадраттар – ромб.
2. Барлық ромбылар – параллелеграмм.
3. Бұдан, барлық квадраттар – параллелограмм болатыны шығады.
ДЕКАРТ РЕНЕ (1596-1650, фр. Философы, математик)Логикада математикалық әдістер қолдануды ұсынды.
ЛЕЙБНИЦ Г.В. (1646-1716, неміс ғалымы және математик) -Логикада математикалық символика қолдануды ұсынды және алғаш рет екілік санау жүйесін қолдану мүмкіндігі туралы пікір айтты. Логиканың символдық тіл қабылдауын, заңдардың дәлдігін және оның гуманитарлық ғылымдар шеңберінен шығып, кең таратылуына жол салды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет