Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет11/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын семантикалыќ заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып табылады. Семасиология лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі мағынаны әрбір сөздің "жаны" десе болады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы-ономасиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналары, семантикалыќ заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе ќұбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендігі ќарастаырлады. Ономасиологияның диалектологияға ќатысы бар. Ономасиологияның диалектологияға ќатысы әсіресе лингвистикалыќ географиядан айќын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялыќ атластарының лексикология картасы ономасиологиялыќ негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе ќұбылыстың диалектілеріндегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
Ономасиологияның айырыќша бір саласы-ономастика жалќы есімдерді зерттейді. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу обьектісі етіп алса, екіншісі топонимика географиялыќ атауларды зерттеу обьектісі етіп ќарастырады.
Лексикология сөздерді тілдің сөздік ќұрамын ќұрастыратын единицалар, яғни лексикалыќ единицалар ретінде ќарастырады. Лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялыќ сөз тіркестері де ќарастырылады. Мысалы: жүрегі тас төбесіне шығу (ќорќу), ќас пен көздің арасында (лезде) т.б. фразеологиялыќ сөз тіркестері әбден лексикаланғанда мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялыќ сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұраќты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың ќұрамы мен ќұрылысын және жасалу жолдарын ќарастырады. Лексикология тіл білімінің әсіресе грамматика саласы мен тығыз байланысты. Оның грамматикамен тығыз байланысын әсіресе сөз тудыру тәсілдерінен айќын көрінеді. Сөздердің грамматикалыќ формаларын тудыру үшін ќандай тәсілдер ќолданылса, туынды жаңа сөздердің жасалуында да сондай тәсілдер ќолданылады. Мысалы, сөздердің бірігуі, ќосарлануы, аффикстердің жалғануы форма тудыратын грамматиткалыќ тәсілдер ретінде де туынды жаңа сөз жасайтын тәсілдер ретінде де ќызмет атќарады.
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 
6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысады.
Сөз грамматикада ќарастырылып зерттеледі біраќ лексикология мен грамматитканың әрќайсысы сөзді әр басќа тұрғыдан алып ќарастырады, түрліше талдау жасайды. Мысалы, көр, әлеумет деген сөздердің грамматика үшін ең басты жаќтары мыналар: көр сөзі- етістік, оның ішінде сабаќты етістік, бұйрыќ райда; кейде көмекші етістік ќызметінде де жұмсалады (айтып көр, жазып көр), әлеумет-зат есім, жалпы есім, атау тұлғада зат есімнің жекеше түрі, көптік жалғаусызда көптік ұғымды білдіре алады. Ал лексикология бұл сөздерді тіптен басќаша жаќта ќарастырады. Лексикология үшін аталған сөздердің басты жаќтары мыналар: көр сөзі белгілі дәрежеде ќара, байќа сөздермен синонимдес болады. Бұл сөз шығу тегі жағынан ќазаќ тілінің төл сөзі. Әлеумет сөзі халайыќ, жұртшылыќ, көпшілік, халыќ деген сөздермен синонимдес болады. Ќолданылу жағынан алғанда көтеріңкі поэтикалыќ стильге тән сөз болып табылады.
Лексикологияны зерттеген: Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы 1988
К.Аханов Тіл білімінің негіздері 1993
Ж.Байниязова Қазақ лексикографиясы
Болғанбайұлы, Қалиұлы Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
Сарьбасова Қазіргі қаазқ тілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет