Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


"СЕПТЕУЛІК" шылау сөз бен сөзді байланыстырады



бет68/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129
1."СЕПТЕУЛІК" шылау сөз бен сөзді байланыстырады.
Ол атау, барыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркеседі.
АТАУ септігіне қатысты септеуліктер: туралы, жайлы, сияқты, тәрізді, секілді, үшін,сайын: Сіз туралы әпкемнен көп естігем. Мен сіз секілді ғалым болғым келеді.
БАРЫС септігіне қатысты септеуліктер: дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық: Қалаға дейін әлі 20 шақырымжол бар. Ауылға қарай қашан жолға шығамыз?
ШЫҒЫС септігіне қатысты септеуліктер: кейін, соң, әрі, гөрі, бері: Жұмыстан гөрі, осында жүре бергенім анық. Сенен кейін кезекке мен тұрдым.
КӨМЕКТЕС септігіне қатысты септеуліктер: бірге, қабат, қатар: Қалың ел жаңа жырды айтумен бірге, жаңасын да шығаруда.


2. "ЖАЛҒАУЛЫҚ" шылау сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді салаластыра, яғни тең дәрежеде байланыстырады.
ЫҢҒАЙЛАСТЫҚ мәндегі жалғаулықтар: мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те: Апам мен ағам қалаға оқуға кетті. Сен де, мен де бір қазақтың баласымыз.
ҚАРСЫЛЫҚТЫ мәндегі жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйткенмен: Мен оқуға түстім, дегенмен ол мамандықты жаным сүймейді. Алижан әскерге кетпекші, бірақ қатты қорқып жүр.
СЕБЕП-САЛДАР мәндегі жалғаулықтар: өйткені, себебі, сол себепті, сол үшін, сондықтан, неге десеңіз: Мен емтиханға кірмедім, себебі ауылдық жерде интернет желісі ұстамайды.
ТАЛҒАУЛЫҚ және КЕЗЕКТЕС мәндегі жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, я болмаса, не болмаса, әлде, кейде, бірде, біресе: Не сен барасың, не мен барамын. Сен мені ұнатпайсың яки әдейі істейсің.


3. "ДЕМЕУЛІК" шылау сөздерді байланыстырмайды, өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. Демеуліктер — өз алдына дербестігі жоқ көмекші сөздер. Олар шылаулардың басқа түрлері (жалғаулық, септеулік) іспеттес абстрактылық ұғымды білдіреді.
СҰРАУЛЫҚ мағына беретін демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше: Құлын тайға өтпей ме? Тай құнанға жетпей ме?
КҮШЕЙТКІШ мағына беретін демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те: Қызметін істесе де қарайласқысы келмегені ғой. Көше сондай қараңғы да емес қой.
БОЛЖАЛДЫҚ мағына беретін демеуліктер: -мыс, -міс, кейде: Ойратқа сонау дүрбіт, торғауыт, төлеуіт тайпалары жатады-мыс.
САЛЫСТЫРУ мағына беретін демеуліктер: түгілі, тұрсын, тұрмақ: Мұны естігенде, Күләштің қалтырағаны былай тұрсын, зәрем зәр түбіне жеткендей жүректен жүрек қалмады.
ШЕКТІК мағына беретін демеуліктер: ғана, қана, тек: Халық тәжірибесі тек бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет. Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.
НАҚТЫЛАУ мағына беретін демеуліктер: ғой, қой, -ды, -ді, -ты, -ті: Үрия мінезге бай әйел еді, тек жалғыз ғана осал жері - ерке-тін.
ҚОМСЫНУ демеулігіне тек қана екеш демеулігі жатады. Екеш демеулігі үнемі қомсыну мәнінде жұмсалады. Мысалы, Жан рахатын құс екеш құс та біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет