Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Қос функциялы қосымшаларға қандай қосымшалар жатады, олардың функционалдық қызметіне тоқталыңыз



бет73/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

96. Қос функциялы қосымшаларға қандай қосымшалар жатады, олардың функционалдық қызметіне тоқталыңыз
Қосымшаларлың қызметі яки функциясы олардың сөз немесе сөздің түрін жасаумен байланысты анықталады. Қосымшалардың екі түрлі қызмет атқаруын анықтайтын терминдер қос функциялы қоысмшалар, екі қызмет атқаратын қосымшалар, қос қызметті қосымшалар, бифункциялы/қосқызметті/қосымшалар, екі функциялы қосымшалар деп әртүрлі терминмен аталып жүр. Бифункциялы немесе қосфункциялы қосымшалар ұғымы қосымшалардың сөзжасамдық және сөзтүрленімдік қызметтеріне қарай айтылады және осы екі қызметке де олардың икемді болатынын аңғартады.
Қ.Шаяхметұлының «Қос функциялы қосымшалардың қызметі» атты еңбекте: «Сөзжасамдық орындайтын аффикстердің сөзтүрленімдік функцияға да икемделіп, қосалқы екінші қызмет атқаруы немесе бұған керісінше, негізінен сөзтүрленімдік функция орындайтын аффикстердің сөзжасамдық функцияға да қабілеттеніп, екінші қосалқы қызметке енуі бифункциялылық болады(, - деп көрсетеді.
Қ.Шаяхметұлы: Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. “Қосымша” термині алғашқы грамматикаларда “приставка”, “послелог”, “частица” делініп түрліше айтылады. «Көп қызметті қосымша дегеніміз – бір қосымшаның кемінде екі түрлі қызметте – сөз тудырушы әрі форма тудырушы қызметте жұмсалуы» - деп анықтама береді.
“Қосымша” терминін алғаш болып қазақ тіліне енгізген А.Байтұрсынұлы деп айта аламыз. А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейтіндерді - “жұрнақ” деп атаған. Қ.Жұбанов болса, “жұрнақ” терминінің орнына “үстеу” терминін ұсынған. Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар, не форма жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен.
С.Исаев сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп – функциялық қосымшалар деген бөлікті көрсетеді. Қосымшалар –дей, -дай, -сыз, -сіз, ша, -ше, -ғы, -гі сынды жұрнақтар “функциялық қосымшалар” деген атқа ие болды. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін қосымшалар деп көрсетеді.
Бұл қосымшалар қазақ тілінде сөз тудырушы өнімді қосымшалар ретінде басымырақ танылған. Бірақ олардың басқа қосымша қызметтерді атқаратыны М.А.Мелиоранский, А.Н. Кононов, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев, М.А.Хабичев, Ф.Орузбаев, т.б. сынды ғалымдар өз еңбектерінде қарастырды.
-сыз,сіз
-дай,дей
-ша,ше
-тай,тей
-лық,лік
-ғы,-гі,
-қы
-сыз, -сіз қосымшасы – екі функцияны
-дай, -дей қосымшасы форма тудырушы
қосымша қызметтерін атқарғанда: Септеулік шылаулар тудырады; Септік жалғауы болып түрленеді
Куман тілінің зерттеушісі М.А.Хабичев –лы, -лі,-сыз, -сіз қосымшаларын синкретикалық аффикстер деп көрсетеді және олардың сөз де, форма да тудыратынын айтады. Соған байланысты орта ғасыр ескерткіштерінен мысал келтіреді. Бұл аффикстiң бiрден-бiр мағынасы - қатыстықты, тәндiк ұғымды бiлдiру: даулатлы тахт - дәулетi бар тақ, балшықлы су - балшығы бар су, ерлi, хатунлы теб - ерi, қатыны бар. М.Қашқари сөздiгiнде де бұл форма жоқ. Демек, -лы-ның орнына көбiнесе -лығ формасы қолданылған. Көне түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлiн зерттеген Ғ.Айдаров бiр зат пен екiншi заттың қатысын, байланысын бiлдiру үшiн түркi жазба ескерткiштерiнде де (теңрiлi, беклi), көне ұйғыр жазба ескерткiштерiнде де (йарлы, йеклi, беклi, хатунлы) -лы, -лi аффикстерiнiң қолданылғанын көрсеткен. Э.В.Севортян бұл аффикстiң мекендi, кәсiптi бiлдiретiн сөздерге қосылып, зат есiм тудыратынына қарамастан, түркi тiлдерiнде сын есiм тудыру қабiлетi мол екенiн атап, қос қызмет атқаратынын алға тартқан.
С.Исаев тілдегі қосымшаларды қызметіне қарай жіктей келе, қос функция атқаратын қосымшаларды “қос функциялы қосымшалар” деп атайды. Және жоғарыда келтірілген –лы, -лі қосымшаларына қарама-қарсы болатын –сыз, -сіз қосымшаларын да қос функциялы қосымшаларға жатқызады. Себебі, бұл қосымшаның сөз тудыру қыры сын тудырумен байланысты. Мысалы, қағансыз сөзі көне түркі тілінде қансыра деген мағына беріп, -сыз тұлғасы сөз тудырушы ғана қызмет атқарса, қазір мұңсыз, күлкісіз т.б. сын формасын тудыру қызметін де атқарады.
Одан кейін М.Томанов қос функциялы қосымшалар қатарына-дай, -дей, -та, -тей қосымшаларын жатқызады:
(сын е.Тудырушы жұрнақ): Ботадай, тастай, күндей, даладай
(үстеу Тудырушы жұрнақ): Жаздай, қыстай
Қазақ тіл білімінде жоғарыда сөз болған қосымшалардың тілдік табиғаты туралы ең алғаш тың пікір айтқан ғалым Ы.Е.Маманов болды. Ғалымның «Лекциялар курсы» қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне, оның ішінде сөзжасам мен формажасамның аражігі мен есім сөз таптарының құрамында қаралып жүрген қосымшалардың сөзжасамдық, формажасамдық қызметтерін анықтауға арналған. Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов жоғарыда келтірілген деректерді саралай отырып «Екі функциялы аффикстер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет