Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Жалғаулар, түрлері, олардың грамматикалық мағыналары мен категориялық қызметіне тоқталыңыз



бет81/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   129
100. Жалғаулар, түрлері, олардың грамматикалық мағыналары мен категориялық қызметіне тоқталыңыз
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мғына үстейтін морфологиялық формалар. Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке дара қолданылмайды, екіншіден, жеке дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды.
Олар жалғанатын сөздердегі дауысты дыбыстардың әуеніне қарай не жуан, не жіңішке болып сәйкесетіні сияқты, дауыссыз дыбыстардың да орайна қарай қатаңдап, ұяңдап, сонарланып, екі үш нұсқалы болып түрленгені ғана болмаса шексіз өзгере бермейді.
Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді.
Жалғаулар да сөз құрамындағы жеке морфемалық бөлшек бола отырып, сөздер арасындағы әр алуан қатынастарды, түрлі грамматикалық мағыналар үстеу жағынан, яғни қызметі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді: көптік жалғау, септік, тәуелдік және жіктік жалғау.
Көптік жалғау. Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптік категориясы жасалынады:
Лексикалық тәсіл. Жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай, су, тұз, ұн т.б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т.б., белгілі бір хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды білдіреді. Әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм, феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т.б, құстар атаулары да көптік ұғымда қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт. Одан бөлек газет журнал, сезім-күй атаулары да көптік мәнге ие. Сөйтіп, жоғарыдағы айтылған мәселелерді сөздердің лексикалық тәсіл арқылы көптік мағынаны білдірудің бір жолы деп қорытынды жасауға болады.
Синтаксистік тәсіл. Мәселен, кейбір сан есімдер (реттіктен басқа), немесе: көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар секілді сөздердің тіркесулерінен де көптік ұғым жасалынады: он ешкі, бес оқушы, жүздеген студент, бірсыпыра киім, әлденеше кісі, көп қағаз т.б.
Морфологиялық тәсіл. көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге –қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. ұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі –ымыз –ым және –ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.
Ал бұл қосымшаға қарағанда -ң (-к) формалары ашық райдың жедел өткен шақтың бірінші жағында (көрді-к, тартты-қ), шартты райдың көпше түрінің бірінші жағындағы жіктік жалғауы (келсе-к, барса-қ) әрқашан көптік мағынада қолданылады.
Дегенмен бұл аталған көптік ұғымын білдіре алатын қосымшалар қайсыбір сөздерге ғана болмаса, жалпы көптік ұғымын туғызуда қолданылатын актив формалар емес. Қазақ тілінде көптік категориясының негізгі қосымшасы көптік жалғау деп аталатын -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) қосымшалары. Негізінен, әрине, көптік жалғауы –лар формасы қалғандары оның варианттары болып есептелінеді, ал мұнша варианттары тіліміздегі үндестік, сингармонизм заңына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет