Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет74/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129
97. Дара және күрделі сан есімдердің жасалу ерекшелігіне тоқталыңыз. Көбейтілмелі және қосылмалы тәсіл арқылы жасалған сан есімдердің морфологиялық сипатына мысалдар келтіріңіз
Сан есім — есімдер тобына жататын, заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жакын. Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер катарына тек қана есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан атауларына жоғарыда аталған -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу аркылы жасалады. Мысалы: бір- бірінші, он-оныншы; екі-екеу, алты-алтау; бір-бірер, қы-рық-қырықтай, елу-елудей т. б.
Сан есімдер іштей құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып белінеді.
1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны — жиырма шақты ғана сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың.
2. Күрделі сан есім:

а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.


ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.


б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он


Күрделі сан есімдердің дара сан атауларының тіркесулері арқылы жасалатын жүйесінде негізгі тәсіл ретінде қалыптасатын мынадай екі түрлі жолы бар: Біріншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сандардың қүрамы бір саннын үстіне басқа бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға келесі бір кажетті санды қосып айту жолымен, жасалады. Ондай күрделі сан есімдер белгілі бір жүйе бойынша кұрастырылған жай (дара) қосылғыш сандардың косындысы есебінде қабылданады да, қосындысы есебінде танылады. Мысалы: он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999) деген күрделі сан есімдердін кұрамындағы жеке сан есімдер белгілі бір санға — он, жүз, тоғыз жүз сандарына — басқа бір сандарды — бір, сегіз, тоқсан тоғыз сандарын — қосып (үстемелеп) айту жолымен жасалған. Яғни бұл күрделі сандар он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999) деген ұғымды аңғартады. Күрделі сан есім жасаудың бұл жолын қосылмалы жол деп атаймыз. Екіншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды басқа бір санға көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды келесі бір қажетті санға көбейту, еселеу жолымен жасалады. Ондай күрделі сандар белгілі бір көбейгіш сан мен көбейткіш сандардың көбейтіндісі есебінде кабылданады және солай танылуға да тиіс. Мысалы:екі жүз, тоғыз мың дегенде, бұл күрделі сан есімдердін күрамындағы жеке сандар біріне-бірін қосу емес, көбейту жолымен, яғни жүз, мың сандарын екі, тоғыз сандарына көбейту (еселеу) жолы мен жасалған. Демек, мұндай күрделі сандар екі жүз (200), тоғыз мың (9000) деген ұғымдарды білдіреді. Күрделі сандарды жасаудың бұл жолын көбейтілмелі жол деп атаймыз
Күрделі қосылмалы сандар тек он бірден басталады да, тоқсан тоғызға (99) дейін жетіп, одан жүз (100) санын аттап өтіп, жүз бірден қайта басталады да, тоғыз жүз тоқсан тоғызға дейін камтып, одан мың санын аттап өтеді де, ары қарай созыла береді, екіншіден, күрделі косылмалы сандар үнемі жоғары дәрежелі сандардан басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: он бір, отыз алты, елу тоғыз, жүз қырық бес, мың тоғыз жүз жиырма үш. Көбейтілмелі сандар негізінде екі жүзден басталады да, тоғыз жүзге барып, екі мыңнан қайта басталып тоғыз мыңға дейін барады. Сонда көбейтілмелі күрделі сан есімдердің көбейгіш сандары екіден тоғызға дейінгі бірлік сандар болады да, көбейткіш сандар жүз бен мың сандары болады. Осыған сәйкес, көбейтілмелі күрделі сан есімдерді іштей жүздік көбейтілмелілер (200—900) және мыңдық көбейтілмелілер (2000—9000) деп екіге бөліп қарауға болады. Күрделі сан есімдердің құрамында көбейтілмелі сандар мен қосылмалы сандар араласа қолданылатын кездері болады. Мысалы: үш мың тоғыз жүз он бес (3915) деген күрделі саннын кұрамындағы үш мың (3x1000) — мыңдық кебейтілмелі сан да, тоғыз жүз (9ХІ00)—жүздік көбейтілмелі сан, ал он бес (10+5)—қосылмалы сан. Олай болса, бір күрделі сан есімнің құрамында әрі көбейтілмелі, әрі қосылмалы сандар бірге тіркесе, қолданыла береді. Күрделі сан есімдердің мұндай түрін аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет