Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы дәстүр мен жаңашылдық: ертегі, аңызға құрылған сюжеттерді анықтаңыз



бет87/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   129
1.Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы дәстүр мен жаңашылдық: ертегі, аңызға құрылған сюжеттерді анықтаңыз
ХХ ғасырда қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа жолмен дамуына үлкес қосқан қаламгерлердің бірі-Сәкен Сейфуллин. Оның ертегі мен аңыздық желіге құрылған екі поэмасын атауға болады. Бірі- “Аққудың айырылуы”, екіншісі- “Көкшетау” поэмасы.
Аққудың айырылуы” - үлкен гумантстік идеяны уағыздайтын романтикалық махаббат туралы аңыз. Поэма оқиғасы көркем көлдің жағасында өтеді . Көл табиғатына сүйсінген ақын ондағы жұбай аққудың жарастықты махаб батын жырға қосады . Кенет осы екі аққудың бірін сұр ” мерген атып түсіреді . Екінші аққу жұбайының өлгенін көріп Қиналып , мергеннің алдына келіп: “Мені де ат !” деп жалынады . Мерген ата алмайды. Жұбайсыз өмірді мағынасыз санаған аққу аспанға биіктеп ұшып шығып , содан құлап өледі . Поэма адал махаббатты, сезімді, достықты қадірлеуге үндейді.
Негізгі жаңашылдығы жазушының гуманисттік ойын, дүниетанымдық көзқарасы көрсететін көркем туынды. «Аққудың айырылуы» поэмасында ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.
Бас аяғы жұп жұмыр ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясында назар аудару керек. Алдымен Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі. Ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша автор метафораны қолданған, бірақ бұл авторлық метафоралар нәзік сезімді табиғат көріністерімен беруі ақын алып келген жаңашылдық болып саналады.
Бұл поэма арқылы тағы бір алып келген жаңашылдығы құстардың бәріне жаңаша анықтама беріп, өзінің авторлық позициясын теңеулермен таныта алуы. Қызғыш, тауқұдырет, шағала, сұқсыр,қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанымен, бұл мекеннің толымды суретін бере алмайды. Аққудың келуімен көлде жаңаша, әсем тіршілік пайда болғандығын автор лирикалық толқынмен жеткізген.
Бірақ сол ақудың сыңарын сұршамерген атып алады. Сөйтіп қас қағымда табиғаттың ғажап жаратқан асылы сұлулық символын мерт қылады. Жалғыз қалған екінші аққудың қиналысын ақын кең толғап, ақыры оның өзін өзі биік көктен тастап жіберуін үлкен трагедиялық күшпен суреттейді. Бірінсіз бірі тірлік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын үлкен символдық идея, махаббат идеалы, сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді. Яғни С.Сейфулллин ақын ретінде өзіндік жаға эстетикасын танытады.
Сәкен Сейфуллин өз шығармашылығында азаматтық позицияны бірінші қатарға қойған, өнердің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы қоғамға қолма қол ықпал жасауды ойлаған жазушы. Оның барлық жанрдағы туындыларының басты бір ерекшелігі өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауында жатыр.
Көкшетау ” поэмасы . Халық ертеден - ақ өзінің арман бесігі болған , ерлік салт пен дәстүрге бай , табиғи сыры мол әсем жерлерді жырға қосып , мадақтаған. Яғни, бұл поэмада С.Сейфуллин өткен дәулерден белгілі табиғатты, жерді мадақтау дәстүрін жалғастырған.
Мұнда жер мадақтау жалаң күйінде емес , халық тарихының жарқын бір көріністерімен байланыстырылады. Кейде сүйіскен жастардың сыры да , арманына жете алмаған жас тілектер де осыған орай айтылады. Мұндай өлеңдер кезінде халық өлеңдеріне сіңісіп , ауыздан - ауызға тараған . Қазақ даласында ақын жырларына көп ілінген осындай жерлердің бірі Көкшетау . Ел арасында Көкшетауға байланысты неше түрлі халық аңыздары , ертегі сипатты әңгімелер мол. Сәкен поэмасы , негізінен, осындай халық аңыздарының желісіне құрылған.
Сәкен Көкше аңыздарының ішінен “ Жеке батыр ” , “ Бурабай ” , “ Оқжетпес ” , “ Жұмбақ тас ” туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше тауының аты карауылда тұрған батырдың қалғып кетуінен жерлердің солай аталуы жайын шертеді .
Ақын ескі аңыз - әңгімелерге сын көзімен қарап , оған халықтық тұрғыдан баға береді . « Оқжетпес ” , “ Жұмбақ тас ” аңыздары – Сәкен поэмасының негізгі тараулары. Ақын сол дәуірдің шындығын , ондағы адамдар , топтар қарым - қатынастарын , ұнамды ұнамсыз адамдар образдарын да осы тарауларда ашады . Бұл аңыздардың негізі - қазақ пен қалмақтар арасындағы ерте кездегі жауласушылық оқиғаларда болып табылды . Сәкен көрші отырған екі ел — қазақ пен қалмақтың ұзақ жылдар жауласып келуінің негізі хандық құрылыспен , оның басында отырған феодалдардың мүддесімен байланысты деп ұғады. Олар халықтың қараңғылығын пайдаланып , сотқарлық істер жасаған . Момын , бейбіт екі халықты біріне - бірін жау етіп көрсетіп , айдап салған. Сәкен суреттейтін уақиға да осы жауласушылықтың бір көрінісі . Поэмада қазақ ханы Абылай бастаған қолдың қалмақты алу кезіндегі оқиғалары суреттеледі. Осылайша тарихты еске салу дәстүрін пайдаланған.
Екі поэма да аңыздық негізде жазылған.Яғни жазушының шығармасында фолькорлық дәстүр, азаттық идеясы, суреттеу мен кейіпкерлер мінездері, күрескер адам бейнесі жан-жақты ашылған. Бұл автордың көркем шығарма жазудағы ізденісінің нәтижесі. Жазушының шығармаларындағы жаңашылдық: Сыршылдық, жаңа тыныс,суреттеу(Көкшенің табиғаты),дүниетанымдық көзқарасы шебер көрсетілеген.Өзіне дейінгі жазушылардың көркемдік ізденісін жаңаша бейнелеу,суреттеу тәсілдерімен шығармаларына арқау ете білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет