Жауабы:Құрсақтық қолқа,кеуделік қолқаның жалғасы.Ол XII кеуде омыртқасы тұсында басталып, IV-V бел омыртқаларының тұсында екі жалпы мықын артерияларына, aa. iliacae communes, болінеді. Қолқаның бөлінген жерінен томен бағытта, нәзік тармақ - орталық сегізкөз артериясы, a. sacralis mediana,тармақталады.
Құрсақтық қолқадан екі түр тармақ: париеталді және висцералді тармақталады.
Висцеральді тармақтар өз ретінде жұп және тақ болады.
Жұп ағзалық (висцеральді) тармақтар: 1. Анабездік артерия(a.ovarica, a.testicularis), түтіктік тармақтар (rr.tubarii) және несепағарлық тармақтар (rr.ureterici), ал атабездік артерия, қосалқылық тармақтар (rr.epididymales) мен несепағарлық тармақтар (rr.ureterici) береді.
Атабез артериясы, a. testicularis - кұрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен, бүйрек артериясынан сәл төмен (кейде оң және сол артериялар жалпы сабаумен) басталатын жұп, нәзік артерия. Ол төмен және латералді бағытталып, т. psoas major-да жатады, өз жолында несепағарды, шекаралық сызықтың үстінде сыртқы мықын артериясын кесіп өтеді.
2. Бүйрек артериясынан(a.renalis), несепағарлық тармақтар (rr.uterici)және төменгі бүйрекүстілік артерия (a.suprarenalis inferior) шығады.
Бүйрек артериясы, a. renalis жұп ірі тамыр. Әрбір бүйрек артериясы бүйрек қақпағына жетпей төменгі бүйрекүсті артериясын, a. suprarenalis inferior, береді, бүйрекүсті без паренхимасына кіріп, ортаңғы және төменгі бүйрекүсті артерияларымен анастомозданады.
3. Ортаңғы бүйрекүстілік артерия (a.suprarenalis media) жоғарғы және төменгі бүйрекүстілік артериялармен қосылады.
Ортаңғы бүйрекүсті артериясы, а. suprarenalis media - құрсақтық қолқаның жоғарғы бөлімінің бүйір қабырғасынан, одан жоғарғы шажырқай артериясыныц тармақталатын жерінен сәл төмен басталатын жұп, кішкене тамыр. Ол сыртқа көлденең бағытталып, көкеттің аяғын кесіп өтіп, бүйрекүсті безге барады, без паренхимасында жоғарғы және төменгі буйрекүсті артерияларының тармақтарымен анастомозданады.
3.3.4.Қолқаның құрсақтық бөлігінің висцералды тармақтарын тақ тармағын атаңыз, қанмен қамтамассыз ету аймақтарын түсіндіріңіз.