Ii оқушы бойындағы шығармашылықты қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Оқыту процесінде шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық ерекшелігі



бет3/8
Дата13.06.2023
өлшемі69,82 Kb.
#100942
1   2   3   4   5   6   7   8
1.2.Оқыту процесінде шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық ерекшелігі
Оқушылардың шығармашылық ойлау дамуының психологиялық ерекшелігі баланың дарындылығында. Сондықтан да ойлау үдерісін зерттеуде ғылыми бағыттары арасындағы бірде толастамаған ойлау жөніндегі алғашқы материалистік бағыт классикалық сенгуализм тұжырымын негіге алып, алғаш сезімдік танымда болмаған дүние санада бейнелеуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Алайда бұл теориялық тоқтам көбіне ойлауды ес, елес бейнелерінің бірлігі және ассоциация нәтижелері деп үстірт түсіндіреді. Бұлай топшылауда өнімді де белсенді үдеріс ретінде танылмаған ойлау өз алдына дербес, үдерістік сипатынан айрылып, жақын кезеңдерге дейін ғылымға арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалады [14-179 б.]. Ойлау – психологиялық іс–ірекеттің ерекше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбургтың ғылыми мектебі болды. Бұл бағытта өз тұжырымын бұрын эксперименталды дәлелдеуге ұмтылған хх ғасыр басындағы неміс психологтары (О.Кюлье, А.Лиссер, К.Бюлер, Н.Ах) ойлауды одан әрі бөлшектенбс сана қызметі деп білді, оның сезімдік негіз бен сөздік өрнектен бөлектеді, оны таза рухқа келіп, бұл мәселеде идеалистік тарапқа қолдау берді [15-150 б.].
М.Жұмабаев:”Ойлау-жанның терең, әрі қиын ісі”, - деген болатын. Оқушылардың ойлау әрекетін өрістету өте қиын іс.
А.М.Тепловтың пікірінше, ойлау – бұл заттардың жалпы қасиеттерінің және заттардың өзара қатынастары арасындағы заңды байланыстардың мида бейнеленуі, болмысты жанама және жалпылай түрде тану үдерісі [4-205 б.].
Қ.Жарықбаев, Жантану негіздері – деген еңбегінде, ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының
миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі деген анықтама берген [4-184 б.].
С.Бап–Бабаның айтуы бойынша ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларға бағыт–бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.
Ойлау әрекетінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқа екі тарапы ретінде көрінетін талдау және біріктірудің өзара ықпалдастығы негізінде орындалады.
И.А.Павлов, ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік–синтездік қызметтің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады – деген [4-189 б.].
С.Л.Рубенштейн: «Ойлау не проблемадан , не ситуациядан,не танудан , не түсінбеуден ,не қиыншылықтан туады », -деген . Олай болса оқушыларға қойылған сұрақтардың мазмұнында білетіні мен білмейтіні қатар болуы мүмкін.
Ойлаудың дамуы қоғамдық-тарихи даму процесінде, адамзат ойлап шығарған білімдерді меңгеру процесінде жүзеге асырылады. Білімдерді меңгеруді және ойлаудың дамуын С.Л.Рубинштейн диалектикалық процесс ретінде сипаттайды, онда себеп пен салдар орындарын үздіксіз алмастырып отырады [6, 24б.]. 
Сөз шығармашылығы - дейді профессор И.С. Соловьев - сөз балалардың жетілуінің бастамасы мағынасында. Өйткені жеке бас ойы, өзінің өзіндік өмірлік тәжірибе, әр түрлі ортадағы адамдар арасындағы қарым- қатынастарды ана тілімізде білу, сөзде өзіндік бір өзгеріс енгізу үшін сөздік шығармашылық қажет. Оқушылар оны толығымен қамти алмаса да, шартты түрде меңгеруі қажет[.
Б.Б. Блонский, яғни қиын тапсырма беру, оны қинап қағазда сөйлеуге үйрету, сонда біз ауызша тілден қарағанда жазбаша тілдің жас екенін көреміз: сөйлемде ұйқаспайтын сөздер легі пайда болады. Балаға қиын тапсырма берсең, біліп тұрған бала қиналады. Мәселен, жеті жастағы балаға оның жасына сай суретті көрсетіп, ауызша әңгімелеп бер десеңіз, ол ешқандай мүдірмей сөйлей жөнеледі. Ал егер одан да күрделі суретті көрсетіп әңгімелеуді сұрасаңыз үш жастағы бала сияқты мүдіріп қалады, яғни суреттегі заттарды немесе оқиғаны қисынсыз әңгімелейді[9] .
Міне, дәл осы жағдай бала ауызша сөзден жазбаша сөзге ауысқанда болады. Жазбаша тіл қиындығы оның өз заңдылықтары болуында және осы заңдылықтарға баланың қолы жете бермейді. Сонымен қатар, оқушылардың жазбаша тілге көшуінің ауыр тиюі оның терең ішкі себептеріне де байланысты. Ауызша тіл бала үшін үнемі түсінікті: ол адамдармен тірі қарым- қатынас жасағанда өздігінен туындайды да, ол баланың жауап қайтаруы табиғи нәрсе болып табылады. Ал жазбаша тілге ауысқанда көп шарттар мен заңдар бар да, бала тіпті не үшін жазып отырғанын түсінбей қалады. Оның жазуға деген ішкі қажеттілігі жоғалып кетеді
Әсіресе, бұл жағдайлар оқушыларға мектепте тақырыптар бергенде кездеседі. Ескі мектептерде оқушылардың әдеби шығармашылығы былайша бағытпен жүргізілген: мұғалім оқушыларға шығарма жазуға тақырып береді, ал балалардың алдында бұл шығарманы ересектердің әдеби тіліне немесе оқыған кітабының мазмұнына жуықтап жазу міндеті тұрды. Бұл тақырыптар балаларға бөтен түрінде қала берді, балалардың қиялы мен сезімі қозғалмады. Балаларға шығарманы қалай жазу керектігі жайлы мысалдар көрсетілмеді. Балаларға жақын, таныс тақырыптағы шығармалар жоқтың қасы еді. Осындай педагогтар балалар әдеби шығармашылығын дұрыс бағыттай алмағандықтан оқушы тілінің әдемілігін ғана бұзып қана қоймай , олардың ойы мен сезімін жазбаша тілде көрсетулерге кедергі болды.
Тілді оқытудағы мұғалімнің басты шеберлігі - деп жазды Л.Н. Толстой және осы мақсаттағы басты жаттығу тапсырма беру ғана емес, оның әр түрлі әдіс- тәсілдерін үйрету. Көптеген дарынды және саналы оқушылар былаы деп жазады: өрт жанды, таси бастады, мен далаға шықтым - мұнан түк көріп отырғанымыз жоқ. Мұнда олар ең бастысын түсінбеді: неге жазу және жазуда не жақсылық бар. Өмірді көрсете білу, әдемілікті көрсете білу өнерін түсінбеді. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда алынған оқушының тақырыпты іштегі түсінуі, толқуы және ішкі әлемін бағыттауының маңызы зор. Оқушылардың шығарманы нашар жазуының басты себебі, оқушы не жазарын білмейді. Баланы үйрету қажет, - деп жазады Б.Б. Блонский. Оқушы өзінің жақсы білетінін, өзінің терең ойланып жүрген мәселесін жазғаны абзал. Баланың аз ойланған тақырыбын беріп шығарма жаздыру, бала үшін зиян. Бұл дегеніміз - мазмұнсыз жазушыны тәрбиелеумен бірдей. Әрбір балада жазушыны тәрбиелеу үшін, оның қоршаған ортаға деген қызығушылығын дамыту қажет. Бала өзінің қызығуынан туған нәрсе жайлы жақсы, терең жаза алады. Сонымен, бала өзінің терең ойланған тақырыбында жазуы өте тиімді. Баланың өзі қызықпайтын, өзі білмейтін, өзі түсінбейтін тақырыпта жазуына тыйым салу қажет. Ал, осыны көптеген мұғалімдер ескере білмейді де, оқушыдағы кішкентай жазушыны құртады. Сонымен, педагог Б.Б. Блонский балаларға жақын, таныс әдеби шығармаларды жаздыруға кеңес береді. Егер мектеп басты бағыт беретін мектеп болғысы келсе, дәл осындай шығармаларға жағдай жасау қажет. Оқушының жазғаны мәнді болу үшін, оның алдына қойған мақсаты болғаны абзал. Осы үшін, осы мақсатқа жету үшін келесі әдіс- тәсілдерді қолдандым: әр түрлі және кең мағыналы тақырыптарды ұсындым; оқушыларға шығарманың үлгілерін көрсету; ең маңыздысы оқушы шығармаларын қараған кезде, еш уақытта оқушыларға жазған сөйлемдері мен логикасына ескертпе жасау қажет; шығармашылық қиындығы оның көлемі мен мазмұнында емес, оның тілінде емес, істің механизмінде. Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
- оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
- бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
-берер білімнің ғылымилығын арттыру;
- алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
- оқушысының ой белсенділігін дамыту;
- әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту;
-білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет. Оқыту процесі-екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланыс-ты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану -- олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай -- ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым -- қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді. Қазақ тілі пәні сабақтарында шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой- пікірлері қалыптасады.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
- өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
-пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
- өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
- жолдасының жауабыңа пікір айту;
- сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
- үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
- танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
- өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
- танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс -- әрекетін бақылауға қолайлылық оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Қорыта айтқанда, шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс әрекетте шығармашылық бағыт ұстнады, қабілет, білігін ұштай түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет