Ii оқушы бойындағы шығармашылықты қалыптастырудың педагогикалық негіздері



бет6/8
Дата13.06.2023
өлшемі69,82 Kb.
#100942
1   2   3   4   5   6   7   8
III Тәжірибелік бөлім
2.1. №1 мектеп-гимназиясында өткен тәжірибе жинақтауда
қолданған шығармашылық тапсырмалар
Мен, Отаралиева Гулзия «Байқау және бақылау» тәжірибесінде, өзіме берілген сыныптар бойынша оқушылардың сабаққа қалай қатысатындарын ескере келе, әр оқушының сабаққа деген ынтасын, шығармашылық қабілеттерін, дарындылықтарын дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті пәндері болғандықтан,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқау аса қиындық тудырмады. 6-7 сынып оқушыларына қазақ тілі мәні бойынша арнайы тапсырмалар дайындаған болатынмын. Әр оқушы өз қабілетін толық пайдалана алуы үшін бес түрлі тапсырма дайындадым. Олар: Диалог-ертегі құрастыру, жұмбақ құрастыру, образға кіру, арнайы берілген мәтін бойынша талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын сынды тапсырмалар тізбегін дайындап орындатқыздым. Ал, оқушылар осы тапсырмаларды орындау барысында өздерін жаңа қырларынан тани алды. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері: Зейін, есте сақтауы, интеллектісі, ойлауы және орындауы болды. Тәжірибеде болған уақытымда шығармашылық қабілеті дамыған оқушылар жаңа идеяларды өздігінен шешуге тырысатындығын байқадым.
Мысалы: 8-сыныптың әдебиет сабағында М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын өттім. Сабақтың бекіту кезеңіне топтық тапсырмалар берген болатынмын. Тапсырмалардың арасында оқушылардың өздері қызығушылықпен орындайтын тапсырмалар бар.
Орындау барысында әр оқушының деңгейіне сәйкес тапсырмалар берілді.

Топтық жұмыс
1- топ
Поэманың негізгі идеясын, тақырыбын,“балық сызбасы» арқылы анықтап, талдап, қорытынды шешу жолын беріңдер.
2-топ
М. Мақатаевтың қолданған эпитеттерін салыстыру арқылы ақын ананың істеген әрекетін қалай бағалайтынын табу, іздену, дәлелдеу арқылы мінездеме жазу.
3-топ 
«Аққу - киелі құс махаббат символы» тақырыбына ой толғау жазыңдар 50-60сөзден тұруы тиіс.
4-топ
Ананың балаға деген махаббат символы
Аққу - киелі құс махаббат символы
Поэмада екі символ бір - біріне қарама - қарсы келді. Кімді жақтаймыз?
Кімді даттаймыз? Кім жеңді? Кім жеңілді? Неге жеңілді? Шығар жолы бар ма еді?
Қарт адам қандай шешім айтты? Ал сен қандай шешім айтар едің?
Өзіңе осы поэмадан қандай ғибрат алдың? Осы сұрақтардың төңірегінде топтық жұмыс орындаңызлар. 
5-топ
Суреттерді біріктіріңіздер. Құрастырылған сурет бойынша өз ойларыңызды айтып түсіндіріңіздер.

1-кесте.Топтық жұмыс тапсырмалары
Тапсырмаларын толық орындағаннан соң, бағалау парағы таратылды. Ерекше стиьде дайындалған бағалау парағы оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Қарапайым, мақсатсыз дайындалған тапсырмадан белгілі бір мақсат қойып, сол мақсатқа жету барысында дайындалған тапсырманың нәтежиесі өте мол. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу,ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақ түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми –бұқаралық әдебиеттер, әдістемелік журналдармен жұмысқа жаттығады,зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.
Пәндік бағыт бойынша оқыту,үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді;зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді;түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады;пәндік теориялық білігі молаяды,ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады;көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді;сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді;барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады;ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.
15.10.23ж сегізінші сыныпқа өткен жай сабағымда оқушыларды топқа бөліп АКТ құралдары арқылы WORDWAll сайтынан оқушыларды таңдап, тақтаға шығардым. Әр оқушыға тапсырмалары бар карточкалар тараттым. Олар сынып алдында жылдамдық және шығармашылық қабілеттерін көрсететін тапсырмаларды орындады. Оброзға кіру, кейіпкер суретін бейнелеу, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер шығару сынды тапсырмалар болды. Сабақ барысында оқушылар өздерін жеке дара тұлға ретінде сезіне алды. «Бақытсыз Жамал» тақырыбын өткенде сыныпқа авторға хат жазу туралы тапсырма берілді. Бұл тапсырма арқылы бала өз ойын толық хатқа түсіріп, роман туралы пікірін білдіре алады.


Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

№9-тапсырма: Романнан алған әсерлеріңді баяндап, авторға хат жазыңдар.

Жазылым:
Романнан алған әсерін баяндап, авторға хат жазады.



Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Романды баяндайды.
-Авторға хат жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері.

2-кесте. Сабақ барысындағы тапсырма
Жалпы осы сабақ барысында оқушылардан алға ілгерушілік пен дамудың жаңа сатысын байқай алдым. Сондықтан іріктеп алған әдіс-тәсілдерім арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра алдым деген ойдамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет