Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет114/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Болыс пен тілмаш, старшын бір-екі күн жатуымызды сұраған с о ң, бір-екі күнге тоқтадық (Сейфуллин). Сен үйге бармаған с о ң, мен тірі өліп жүрмін ғой. ...Шұға шын ауруға а й н а л ғ а н с о ң, Есімбек жұмсайын деді (Майлин). Етіне таяқ ө т к е н с о ң, біреуін алды жағадан. Үміт дүниесі болған с о ң, кеуіл, жүдә, әр нәрсеге алабұрта береді екен. Анатолий Кондратьевич бюрода өз пікірін қ о л д а п ш ы қ қ а н с о ң, Байжан онымен амалсыз айтысқа түсті (Мұқанов).
Бұл келтірілген сөйлемдердің қайсыбірінде себеп мағынасымен қатар мезгілдік мәннің де барлығы аңғарылады. Мұндай қасиет -ған соң есімшелі баяндауыштың болымды түрінде байқалады. Мысалы, кішкене Төлеубек ырық бермей бара жатқан соң, мұғалімдер әкесін де шақыртқан (Мұстафин) деген сөйлемде мүғалімдердің әкесін шақыруының себебі баласының тәртіпсіздігінен болып тұр, Ал, мұның өзі мезгілдік қатынаспен де байланысты: ең алдымен,
213

Төлеубек тәртіпсіз болды, сонан кейін мектепке оның әкесі шақы-рылды.


Себеп бағыныңқылы сабақтастың ішінде кейде осындай мезгілдік ұғымның да қабаттаса жүруін немен түсіндіруге болады? Тілдік фактілер себеп бағыныңқының тарихи жақтан мезгіл бағыныңқыдан ажыратылғанын дәлелдейді, яғни ол баста мезгіл мәнді сөйлемдер әрі мезгіл, әрі себеп мағыналарының орнында қолданыла берген. Тілдің дамуына байланысты кейіннен себептік мән мезгілдік қатынастағы сөйлемдерден сараланып бөлінген. Алайда екеуінің шығу төркіні бір болғандықтан да, олардың арасында кейде өз ара ауыса берушілік, ұқсастық сақталып отырады.
Ал, бағыныңқы компоненттің баяндауышы есімшенің болымсыз түрінде келсе, мұндай сөйлем әр уақытта ешбір мағыналық қоспасыз себеп бағыныңқылы сабақтастың қатарына жатады.
Әйел, алынбаған соң, мал-мүлік үлесі де кейінге қалды Олар да, сорпа-сүйек т и м е г е н с о ң, жүдеу күздің күнінде тышқан аулап қаңғып кеткен (Әуезов).
Мұндай сөйлемдердің бағыныңқысында хабарланған оқиға бол-мысының болымсыздығына сай басыңқыда да қимыл, әрекеттің орындалмай қалғаны ңемесе орындалған күннің өзінде кері мағынада болғаны байқалады.
2. Көсемше арқылы құрмаласу. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді жасауда көсемшенің екі түрлі амалы қатынаса алады. Соған орай, бұл жолдың өзін төмендегіше ажыратамыз.
1) тұлғалы көсемше етістіктің болымсыз түрінде келеді (бар + ма + й).
Араларына түсетін арашашы б о л м а й, екеуі де әбден титық-тап шаршады (Әуезов). Одан көп жатуға уақыт мүмкіндік б е р- м е й, он шақты күннен кейін мен Павлодар жаққа жүріп кеттім (Мұқанов). Ол мезгілді уақытында к е л е а л м а й, біз біраз кеші-гіп қалдық. Жанар майы ж е т п е й, комбаин тоқтап қалды. Көбінде тұратын жылы мекен б о л м а й, көктемнің қара суығында шатырларды. мекендеді (Мұқанов).
2) -п тұлғасындағы көсемше де кейде себеп бағыныңқылы сабақ-тасты жасай алады.
Семіздіктен майы аузына т ы ғ ы л ы п, Абылғазының аты тіп-ті шаба алмай қалды. Түнде жылқышы ұ й ы қ т а п қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті (Әуезов). Марфуға сол қызғанышын Тәрбияға с е з д і р і п а л ы п, бір ретте екеуі ренжісіп те қалған (Мұқанов). Сырттан суық, іштен жылу қ ы с ы п, терезе ылғи тершіп тұрғаны. (Мұстафин).
3. деп етістігі арқылы құрмаласу. Ер Төстік жалмауыздың қолында қ а л д ы д еп, елі мүлде күдер үзіп қояды (Фольк.). Соны Ербол б і л і п қоймасын д еп, Әзімбай әдейі үндемеді. Сені абақтыдан қ ұ т қ а р а м д е п, менің ел-жұрқа қарар бетім қалған жоқ. Көлденең ел бұлардың түсін көріп үрпимесін деп, Бақтығұл жүрістің мезгілін дәл осы ымыртқа байлаған. Алғашқы күз бен қыста жау жағының өсек-аяңы б о л а ма д е п, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ (Әуезов).

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем


Бағыныңқы сөйлемнің бұл түрі өзгелеріне қарағанда әдеби тілі-мізде аз қолданылады. Мұнда бағыныңқы компонент басыңқыда ха-барланған оқиға, әрекет мазмұнының не үшін болудағы мақсат жайын айқындап тұрады. Мына бір сөйлемді қараңыз: Тұрмыс жақ-


214




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет