ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
9.2А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
9.2.2.3 Тотығу дәрежесін табудың ережесін
білу және қолдану
9.2.2.4 Тотығу және тотықсыздану үдерістеріи бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
9.2.2.5 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
9.2.2.6 Тотығу процесін электронды беру,ал
тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
9.2.2.7 Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
Бағалау критерийі Білімалушы
Тотығу дәрежесінің ережелерін біледі, қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды
Бір мезгілде қарама-қарсы жүретін үрдістер ретінде тотығу және тотықсыздану мәнін анықтайды
Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу және тотықсыздану үрдістерін жіктейді
Жартылай реакция әдісімен реакция теңдеуін құрастырады және тотығу-тотықсыздану үрдісінің жиынтық теңдеуін теңестіреді
Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну/Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.
а) Тотығу дәрежесі ұғымы үшін дұрыс тұжырымды анықтаңыз:
А) Элемент валенттілік электрондарын беріп жібереді немесе қосып алады деп есептелгендегі түзілуге тиісті шартты зарядтың шамасы В) Бұл қосылыстар иондардан ғана тұрады деген болжамнан шыққан қосылыстағы химиялық элемент атомдарының шартты заряды С) Атомдарда дара электрондарының ортақ жұп түзуі арқылы молекула түзеді Д) Элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шама
б) Марганецтің қосылыстарын тотығу дәрежелерімен сәйкестендіріңіз
1
|
KMnO4
|
А) +6
|
2
|
Mn
|
В) 0
|
3
|
MnO2
|
С) +7
|
4
|
K2MnO4
|
Д) +2
|
5
|
MnSO4
|
Е) +4
|
1____ 2____ 3____ 4____ 5____
в)Тотығу дәрежесі 0-ге тең болатын үш затқа мысал келтіріңіз:
______________________________________________________________
2.а) Реакция теңдеулерін аяқтап ,қайсысы тотығу –тотықсыздану реакцияларына жататынын анықтаңдар:
А. Al+ O2→
B. CaCО3 →
C. СаO + H2О→
D. ZnCl2 + NaOH→
Тотықтырғыш ______________________________________________________
Тотықсыздандырғыш________________________________________________
б).Төмендегі реакция теңдеуіне азоттың қай айналымы сәйкес келеді
2AgNO3=2Ag+2NO2+O2
А) N+3→ N+2 С) N-3→ N -2 В) N+5→ N+4 Д) N-3→ N+2
3.Төмендегі айналымдарды жүргізуде орын алатын үдерістерді анықтап, олардың аталуын жазыңыз:
1 2 3 4 5
N2→ NH3→NO→NO2→HNO3
№
|
Орын алған үрдіс
|
Аталуы
|
1
|
N0 → +3e-→N-3
|
|
2
|
|
|
3
|
|
тотығу
|
4
|
|
|
5
|
|
|
4. Төмендегі реакцияның теңдеуін:
HNO3(с)+ Cu → Cu(NO3 )2 + NO+H2O
а) Теңдеудегі заттардың үстіне тотығу дәрежелерін көрсетіңіз: ____________________________________________________________________
b) Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін реаганттерді анықтаңыз:
Тотықтырғыш______________________________________________________
Тотықсыздандырғыш________________________________________________
(c) Жартылай реакция әдісімен тотығу процесінің теңдеуін жазыңыз:
_____________________________________________________________ d) Жартылай реакция әдісімен тотықсыздану процесінің теңдеуін жазыңыз:
_________________________________________________________________
(е)Тотығу–тотықсыздану процесінің теңдеулерін қолдана отырып, реакцияның молекулалық теңдеуін жазып, теңестіріңіз: ____________________________________________________________________
ж)Тотығу және тотықсыздану процесіне электронды қосып немесе беріп жіберу тұрғысынан анықтама беріңіз:
____________________________________________________________________
5.Берілген реакция теңдеуін электрондық баланс әдісі арқылы теңестіріңіз: KI+KMnO4 + H2SO 4= K2SO4 + MnSO4 + I2 + H2O
Достарыңызбен бөлісу: |