Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым
түрлері Тілдік бағдар
Оқу мақсаты
8.3.2.1 орта көлемді прозалық, драмалық және
поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен
идеясын талдау ;
8.1.4.1 публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік
ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
8.5.2.1 жазба жұмыстарында талғаулы салалас құрмалас
сөйлемдерді құрастыру.
Бағалау критерийіБілім алушы
Публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтайды;
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
Жазба жұмыстарында талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады.
Ойлау дағдыларының талдау,бағалау
деңгейі
Орындау уақыты 20-25 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
«Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар». Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан – сол деңгейде болады». Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы.
«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа».
Еліміздің болашақ көшбасшылары – бүгінгі студенттер мен мектеп оқушылары «Қазақстан іргетасына қаланған әрбір кірпішін»білуге тиіс. ...Сіздердің,бүгінгі жастардың,ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан мен жалықпаймын.Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздердің жастық шақтарыңыз – біздің еліміздің көтерілу,гүлдену мезгілі.Сіздер осы жетістіктер мен табысқа жете беру рухын бойларыңызға сіңіргенсіздер.Атап айтқанда,біздің еліміздің тағдыры сіздердің тағдырларыңызбен айқындалған (Н.Назарбаев).
(145 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |