Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


NО2- -нитрит ионын анықтау



бет116/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

2- -нитрит ионын анықтау. Зерттелінетін ерітіндінің 5-6 тамшысына 2н күкірт қышқылының 2-3 тамшысын 10%-тік KJ калий йодиді ерітіндісінің 4-5 тамшысын және крахмал клейстерінің бірнеше тамшысын қосады. Алын-ған қоспаны араластырады. NO2- нитрит ионы бар болса, ерітіндіде қарқынды түрде көк түс пайда болады.
3 - нитрат ионын NО2 - нитрит ионы қатысында анықтау
Ерітіндіде нитрит ионы бар болса оны алдын ала бөліп алу қажет. Ол үшін зерттелетін ерітіндіден 5-6 тамшы алып, оған NH4C1 аммоний хлоридінің бірнеше түйіршігін салып, газ (N2) бөлініп біткенге дейін қыздырады. 2-3 тамшы дифениламинді күкірт қышқылы қатысында алып, оны фарфор табақшасына немесе көзәйнек шынысына орналастырып, оған шыны таяқ-шаның ұшымен зерттелінетін ерітіндіні тамызады, сол кезде NO3- ионы бар болса қарқынды түрде көк түске боялады.
Ацетат ионын СН3СОО- анықтау жеке сапалық реакциялар арқылы жүр-гізіледі.


8.10.6. Барлық аналитикалық топ аниондарының қоспасын анықтау

Анықтау жұмысы үшін зерттелінетін ерітіндінің 30-ға жуық (1,5мл) там-шысын (ерітіндіде тек сілтілік металдардың тұздары бар) алады. Ерітіндінің қалған бөлігін жұмыс аяғына дейін тәжірибені қорытынды жасау үшін қойып қою керек.


Алдын-ала сынау жұмыстары.
Бірінші топ аниондарына сынақ. рН - 7-9 аралығындағы бейтарап неме-се әлсіз сілтілік реакциялы ерітіндінің 4-5 тамшысына осыншама мөлшерде барий хлоридін қосады. Тұнбаның пайда болуы бірінші топ аниондарының бар екенін көрсетеді. Бұл жағдайда әр анион үшін жеке анықтау реакцияла-рын жүргізу қажет.
Екінші топ аниондарына сынақ. Зерттелінетін ерітіндінің 4-5 тамшы-сына бірдей мөлшерде азот қышқылы ерітіндісін қосады. Екінші топ анион-дарының бар екенін, тұнбаның пайда болуынан білуге болады. Ерітіндінің жеке бөліктерінен екінші топтың әр аниондары анықталады.
Ерітіндіні универсалды индикатор қағазында сынау. Егер реакция қышқыл ортаны көерсетсе рН=2, онда ерітіндіде СО32-, SО32- NO2- анион-дарының болуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет