6. Hg2+катионының тотықсыздануы Hg2+ катионының бос сынапқа дейін тотықсыздануын металл күйіндегі мыс арқылы жүргізуге болады.
Тәжірибе: Тазартылған мыс пластинкасына 1тамшы сынап(ІІ) тұзының ерітіндісін тамызады. Бірер минуттан соң дақты фильтр қағазымен сүрткенде жылтыр күміс түсті дақ металдық сынапты бақылауға болады.
Реакцияның жүру шарттары: 1) бұл реакцияның жүруіне Ag+, Bi3+, [Hg2]2+және Sb3+иондары кедергі болады;
2) зерттелетін ерітіндінің құрамында Sb3+және Bi3+бар болса, реакцияны анилин қатысында жүргізу керек.