Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет68/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

6. Карбонаттардың әсері
Со2+ катионы карбонаттармен әрекеттесіп, қызыл-көк түсті негіздік тұздар түзеді:


Тәжірибе:
3-4 тамшы кобальт тұзының ерітіндісіне тамшылатып Na2CO3 қаныққан ерітіндісін қосып, тұнбаның түзілгенін бақылайды.
7. Натрий гидрофосфатының Na2HPО4 әсері
Кобальт(ІІ) катионы натрий гидрофосфатымен күлгін түсті кобальт фосфа-тының тұнбасын түзеді:


Тәжірибе:
3-4 тамшы кобальт(ІІ) тұзының ерітіндісіне 3-4 тамшы натрий гидро-фосфатының ерітіндісін қосқанда түзілген күлгін түсті кобальт фосфатының тұнбасын байқау керек.
Тәжірибені фильтр қағазында да жүргізуге болады, қызыл-қоңыр түсті дақ пайда болады.
Реакцияның жүру жағдайы:
1) реакцияны бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортада жүргізеді;
2) Сu2+ катиондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.
8. α-нитрозо- β-нафтолдың (Ильинский реактиві) C10H6(NO)OH әсері
Со2+ катионы Ильинский реактивімен қызыл түсті ішкі комплексті қосылыс ([C10H6(NO)O]3Co) түзеді:
Co3+ + 3HL → CoL3 + 2H+
α-нитрозо- β-нафтолды қысқаша HL деп жазуға болады.



α-нитрозо- β-нафтол


Тәжірибе:
3-4 тамшы кобальт(ІІ) тұзының ерітіндісіне 3-4 тамшы 1% α-нитрозо- β-нафтол қосып қыздырғанда қызыл-қоңыр түсті тұнбаның түзілгенін байқауға болады.


Ni2+ катионының сапалық реакциялары

Сулы ерітінділерінде никель тұздары жасыл түс береді.


1. Сілтілердің әсері
NaOH, КОН ерітінділері Ni2+ катионымен әрекеттесіп, жасыл түсті никель гидроксидінің Ni(OH)2↓ тұнбасын түзеді:
NiCl2 + 2КОН → Ni(OH)2↓ + 2KC1
Ni2+ + 2ОН- → Ni(OH)2
Түзілген Ni(OH)2 тұнбасы қышқылдарда және аммиакта еріп, көк-күлгін түсті никель аммиакатын түзеді:


Тәжірибе:
3-4 тамшы никель(ІІ) тұзы ерітіндісіне тамшылатып NaOH немесе КОН ерітіндісін қосады, тұнбаның түзілгенін бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет