S2--сульфид ионының сапалық реакциялары .
Cульфид-ион S2- өте әлсіз екінегізді күкіртсутек қышқылының кислоты H2S(pK = 6,99,pK2= 12,60) түссіз анионы. Сулы ерітінділерде жақсы гидролизденеді, комплекс түзбейді. Аммонийдің орта сульфидтері, сілтілік және сілтілік-жер металдарының сульфидтері суда жақсы ериді. Басқа сульфидтер суда аз ериді.
1. Күміс нитраты AgNО3 S2--анионымен бірігіп Ag2S күміс сульфидінің аммиак ерітіндісінде ерімейтін, ал қыздыру кезінде сұйытылған азот қыш-қылында еритін қара түсті тұнбасын түзеді:
2AgNО3 + Na2S → Ag2S↓+ 2NaNО3 2Ag+ + S2-→Ag2S↓ Тәжірибе: Сынауыққа 2-3 тамшы натрий сульфидінің Na2S ерітіндісін немесе аммоний сульфидін және қара күміс сульфиді түзілуі тоқтағанша AgNO3 ерітіндісін тамшылытып құяды.
2. Қышқылдар (H2SО4, HCl) сульфидтерге әсер ете отырып оларды күкіртсутекке дейін ыдыратады:
Na2S + H2SО4 → H2S↓+ Na2SО4 Күкіртсутекті иісі арқылы және қорғасын ацетатына батырылған қағаздың сынауық аузына жақындатқан кездегі қараюынан білуге болады.
H2S + Pb(CH3COO)2 → PbS↓ + 2CH3COOH Тәжірибе: Сынауыққа (тяга астында) 2-3 тамшы натрий немесе аммонийді сульфиді ерітіндісін және 3-4 тамшы сұйытылған HCl немесе H2SO4 ерітіндісін қосады. Күкүртсутегінің иісі байқалады. Қорғасын ацетаты қосылған сынауықты фильт қағазға жаққанда қағаз қорғасын сульфиді әсерінен қараяды.