Тәжірибе: Анықтайтын ерітіндінің 3-4 тамшыcына 2н сірке қышқылын, 2-4 тамшы 0,1% алюминон ерітіндісін қосып, су моншасында қыздырады. Содан соң араластырып Cr3+ лактарын бұзу үшін аммиак ерітіндісін сілтілік реакцияға (лакмус қағазымен тексереді) дейін қосады, оған Са2+ лактарын бұзу үшін 2-3 тамшы 2н (NH4)2CО3 ерітіндісін қосады. Алюминий катионы қатысында қызыл тұнба түзіледі немесе ерітінді қызылға боялады.
Тәжірибе жүргізу жағдайлары: 1) Fe3+, Bi3+, Cr3+, Са2+ катиондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді;
8. А13+ катионын құрғақ жолмен анықтау реакциялары Өте сұйытылған Co(NО3)2 ерітіндісі А13+ катионымен Со(А1О2)2 көк түсті кобальт алюминатын (алюминий және кобальт оксидтерінің қоспасы) түзеді, ол "тенар көгі" деп аталады:
2Al2(SО4)3 + 2Co(NО3)2→ 2Co(AlО2)2 + 6SО3↑ + 4NО2↑+ О2↑ Тәжірибе: Сүзгі қағазының бір бөлігіне алюминий тұзының ерітіндісінен 1-2 тамшы, оның үстіне 1 кобальт нитратын тамызып кептіреді де тигельге салып жаға-ды. Алюминий катионы қатысында көк түсті күл қалады.
Тәжірибе жүргізу жағдайлары: 1). Cr3+, Zn2+, Сu2+, Ni2+ катиондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді;