Тәжірибе:3-4 тамшы 6н (немесе концентрлі) HNО3 ерітіндісіне натрий висмутатының бірнеше түйіршігін және 2-3 тамшы 0,1н AgNО3 ерітіндісін (Ag+ ионы катализатор) қосып шыны таяқшамен араластырады да, оған 1-2 тамшы немесе тұзының ерітіндісін қосқанда ерітінді күлгін (малина) түске боялады.
5. Сульфид-иондарының әсері Мn2+ катионы сульфид-иондарымен адам терісінің түсіне ұқсас ашық қоңыр түсті марганец сульфидін түзеді:
Mn(NO3)2 + (NH4)2S → MnS↓+ 2NH4NO3 Тәжірибе: 3-4 тамшы марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне 1-2 тамшы натрий немесе аммоний сульфидінің ерітіндісін қосқанда, қоңыр-күлгін марганец сульфидінің тұнбасы түзіледі.
6. Күміс аммиакатымен [Ag(NH3)2]+ әрекеттесіп қара-қоңыр түсті метал-дық күміс және MnO(OH)2↓ қоспасын түзеді:
Mn2++2[Ag(NH3)2]++2OH-+3H2O → MnO(OH)2↓+2Ag+2NH4++2NH4OH
Тәжірибе: 3 тамшы Мn2+ катионы тұзының ерітіндісіне сонша тамшы күміс аммиакатының ерітіндісін қосқанда, қара-қоңыр түсті тұнба пайда болады. Осы реакцияны сүзгі қағазында да жасауға болады.