|
Fe2+ катионына сапалық реакциялар
|
бет | 45/124 | Дата | 18.12.2022 | өлшемі | 1,38 Mb. | | #57962 | түрі | Құрамы |
| Байланысты: Сапалық анализ. Лаб. (1)Fe2+ катионына сапалық реакциялар
Fe (II) тұздарының ерітіндісі сұрғылт-жасыл болып келеді, сұйытылған ерітінділері түссіз.
1. Гидроксидтермен NaOH, КОН Fe2+ катионы ақ түсті Fe(OH)2 гидроксиді түрінде тұнбаға түседі:
FеCl2 + 2KOH → Fе(ОН)2↓ + 2KCl
Fе2+ + 2ОН- → Fе(ОН)2↓
Жаңа түзілген Fе(ОН)2↓ тұнба ауада тез тотығып, қызыл-қоңыр (қоңыр-жасыл) түсті темір (ІІІ) гидроксидіне өтеді:
4Fе(ОН)2 + 2Н2О + О2 → 4Fе(ОН)3↓
Fe2+ катионына сутегі асқын тотығы қатысында сілтімен әсер еткенде бірден қызыл-қоңыр темір (ІІІ) гидроксидінің Fе(ОН)3↓ тұнбасы түзіледі:
2FеСl2 + 4NаОН + H2O2 → 2Fе(ОН)3↓+ 4NаСl
2Fе2+ + 4ОН- + H2O2 → 2Fе(ОН)3↓
Тәжірибе: 2-3 тамшы Fe (II) тұзының ерітіндісіне сонша NaOH құйғанда ақ түсті тұнба түзіледі. Тұнбаның қасиетіне және түсіне назар аудару керек. Ауада тұнба қоңырлана бастайды.
2. NH3 ерітіндісі Fe2+ катионымен сұр-жасыл түсті Fe(OH)2 тұнбасын береді:
FeSО4 + 2NH4OH → Fe(OH)2↓ + (NH4)2SО4
Fe2+ + 2NH4OH → Fe(OH)2↓ + 2NH4+
Тәжірибе: 2-3 тамшы Fe (II) тұзының ерітіндісіне сонша NH4OH құйғанда, сұрғылт-жасыл түсті тұнба түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|