Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Натрий гексанитро-кобальтаты



бет7/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

2. Натрий гексанитро-кобальтаты (VI) Na3[Co(NО2)6] К+ катионымен комплексті тұз калий-натрий гексанитро-кобальтатының (ІІІ) сары түсті тұн-басын түзеді:







Тәжірибе: Калий тұзының тамшысына 1-2 тамшы натрий гексанитро-кобальтатын (III) құйғанда ашық-сары түсті тұнба түзіледі. Тұнба күшті қыш-қыл қатысында еріп кетеді. Сілтілер реакцияның жүруіне кері әсерін тигізеді, себебі сілті қатысында Со(ОН)3 қара-қоңыр тұнбасы түзіледі. Реакция кейбір реакцияға қарағанда сезгіштігі жоғары (шекті сұйытылған 1:13000). Натрий гекса-нитрокобальтаты (ІІІ) салыстырмалы түрде тез ыдырайды да, қоңыр тұнба қызғылт түске өзгереді. NH4+ катионы да осындай тұнба береді.
Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) реакцияның ортасы бейтарап немесе әлсіз қышқылдық болуы тиіс (рН = 4 – 7), күшті қышқылдық ортада тұрақсыз комплексті қосылыс түзіп, ол бірден ыдырап кетеді, ал сілтілік ортада Со(ОН)3↓ қызыл-қоңыр тұнбасы түзіледі, бұл калий ионын анықтауға кедергі келтіреді:



2) жаңа даярланған болуы керек, бұл реактив уақыт өте ыды-рап кетеді;
3) шыны таяқшамен сынауықтың керегесін ысқылау тұнбаның түзілуін тездетеді;
4) күміс ионы реакцияның сезгіштігін арттырады, Ag+ қатысында -ден де нашар еритін тұнбасы түзіледі;
5) иондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді, олар да реа-гентпен сары тұнба түзеді.
3. Микрокристаллоскопиялық реакция
Натрий-қорғасын гексанитро-купраты (ІІ) – К+ катио-нымен қара және қоңыр түсті куб тәрізді калий-қорғасын гексанитро-купраты (ІІ) кристалды тұнбасын түзеді:


Тәжірибе: Заттық шыныға калий тұздарының ерітіндісінің бір тамшысын тамызып буландырады. Шыны салқындағаннан соң үстіне натрий-қорғасын гексанитро-купратының (ІІ) бір тамшысын тамызып, шыны таяқшамен ара-ластырады. Бір минуттай уақыттан соң түзілген кристалдарды микроскоппен қарағанда пластинкалы қара және қоңыр түсті куб тәрізді кристалдар түзіл-генін көруге болады.



1-сурет. K2Pb[Cu(NО2)6] кристалдары


Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) реакцияны рН = 6 – 7 жүргізеді;
2) иондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді, себебі олар да К+ катионы сияқты осы реактивпен қара кристалдар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет