1. Na2CО3, К2СО3 карбонаттардың әсері Жоғары температурада сілтілік металдар карбонаттары әсерінен литий ионы ақ түсті Li2CО3 түрінде түнбаға түседі. Тұнбаның ерігіштігі темпера-тура жоғарылаған сайын төмендейді:
Реакцияның орындалуы. 4-5 тамшы литий тұзы ерітіндісіне сондай көлем-де натрий карбонатының қаныққан ерітіндісін қосып қыздырады, ақ крис-талды тұнбаның түзілгенін байқауға болады.
Реакцияны жүргізу жағдайлары: реакцияны жоғары температурада жүргізеді;
реакция ортасы бейтарап немесе сілтілік болуы тиіс;
түзілген түнбаның суда ерігіштігі жоғары болғандықтан, реакцияға қатысатын иондардың концентрациясы жоғары болуы тиіс;
Mg2+, Ва2+, Sr2+, Са2+ иондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.
2. Натрий гидрофосфаты литий ионымен ақ кристалды тұнба түзеді:
Сутек иондарының бөлінуі нәтижесінде литий фосфаты толық тұнбаға түс-пейді, сондықтан аз мөлшерде натрий гидроксидін немесе этил спиртін қосады.
Тәжірибе: 4-5 тамшы литий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы натрий гидроксиді немесе этил спиртін және 4-5 тамшы натрийдің гидрофосфатын қосады, ақ кристалды тұнбаның түзілгенін байқауға болады.
Тәжірибені жүргізу жағдайлары: реакция ортасы сілтілік немесе бейтарап болуы тиіс;
NaOH артық мөлшерінде тұнбасы түзіледі;
фосфат түрінде тұнбаға түсетін катиондар реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.