Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет112/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

Темір хлориді FeCl3 ацетат ерітіндісімен әрекеттескенде (рН = 5-8) қызыл-қоңыр түсті комплексті қосылыс түзеді. Сулы ерітіндісі аздап гидролизге ұшырайды. Ерітіндіні минералды қышқылдармен қышқылдандырса гидролиз бәсеңдейді де ерітіндінің қызыл түсі жойылады.

Қыздырған кезде темір(ІІІ) ацетатының негіздік тұзының [Fе3(СН3СОО6О]ОН ірімшік тәрізді тұнбасы түзіледі (гидролиз әсерінен).
(CH3COO)3Fe + 2H2О ⇄ Fe(OH)2CH3COO + 2CH3COOH
Темір(ІІІ) мен ацетат-ионының концентрациялық қатынасына қарай тұнбаның құрамы әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, FeOH(CH3COO)2,Fe3(OH)2O3(CH3COO), Fe3O(OH)(CH3COO)6 немесе Fe3(OH)2(CH3COO)7.
Тәжірибе:
6 тамшы зерттелінетін ерітіндіге сондай көлемде темір хлоридін FеС13 қосады. Бұл кезде темір ацетатының қызыл-қоңыр тұнбасы түзіледі. Ерітін-діні сумен 2-3 есе сұйылтқанда және қыздырғанда темір ацетатының негіздік тұзы тұнбаға түседі.
Тәжірибе жасау шарттары:

  1. СО32-, J-, SО32-, РО43-, S2-, [Fe(CN)6]4-, SCN- -иондары кедергі келтіреді (Fe3+-пен қылы комплексті қосылыстар түзеді). Оларды барий хлоридімен және күміс нитратымен тұнбаға түсіру қажет;

  2. реакция рН=5-8 аралығында жүреді;

  3. ацетат-ионының артық мөлшерінде ғана тұнба түзіледі.



Хлорат-ионына СlО3-- тән сапалық реакциялар


Хлораттардың қасиеттері:
Сілтілік металдардың хлораттарының сулы ерітінділері бейтарап ортаны көрсетеді. Барлық хлораттар суда жақсы ериді. Қышқылдық ортада хлорат-тар, хлорлау қышқылы сияқты күшті тотықтырғыш қасиет көрсетеді:
СlО3- + 6е- + 6Н+ → 3Сl- + 3Н2О
Олар металдарды, сульфиттерді, оксалаттарды және т.б. тотықтырады. Мысалы:
3Zn + СlО3-+ 6Н+→ 3Zn2+ + Сl- + 3Н2О
Хлораттардың тотықсыздануы хлорид-ионын түзу арқылы жүреді, оларды анықтауды жоғарыда жазып өттік.
Хлорлау қышқылына қарағанда, суықта хлораттар қатты күйінде және сулы ерітіндісінде тұрақты. Қыздырғанда оттегін бөліп ыдырайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет