3. Қышқылдық ортада қыздырған кезде калий перманганаты КМnО4 оксалат-иондарын қышқыл ортада көміртегі диоксиді СО2 газына дейін тотықтырады. Ерітінді түссізденеді, яғни МnО2-анионы Мn2+ катионына дейін тотықсызданады:
5C2O42- + 2МnО4- + 16Н+ → 10СО2 + 2Мn2+ + 8Н2О
Тәжірибе: Сынауыққа 5-10 тамшы (NH4)2C2О4 ерітіндісін алып, оның үстіне 2н күкірт қышқылының ерітіндісінен 5 тамшы қосып қыздырады (70-80°С). Үстіне KMnО4 ерітіндісін қосады. Ерітінді түссізденеді, нәтижесінде Мn2+ иондары түзіледі.
4. Күміс нитратымен реакциясы.Оксалат – иондары күміс катионымен Ag+ әрекеттесіп ақ түсті күміс оксалаты тұнбасын түзеді:
2Ag+ + C2O42- → AgC4O4 Күміс оксалатының тұнбасы азот қышқылында, концентрлі аммиак ерітіндісінде ериді. HCl ерітіндісімен күміс оксалатына әсер еткенде күміс хлориді түзіледі:
Ag2C2O4 + 2HCl → 2AgCl + H2C2O4 Тәжірибе: 3 сынауыққа 2-3 тамшы аммоний оксалаты (NH4)2C2O4 мен 2-3 тамшы AgNO3ерітіндісін қосқанда күміс оксалатының ақ тұнбасы түседі.
Бірінші сынауыққа HNO3 ерітіндісін тұнба ерігенше тамшылатып қосады.
Екінші сынауыққа концентрлі аммиак ерітіндісін ерігенше тамшылатып қосады.
Үшінші сынауыққа 4-5 тамшы H2O ерітіндісін құяды, сынауықта күміс хлоридінің ақ тұнбасы қалады.