Бораттардың қасиеттері. Бор қышқылының тұздары бораттар Н3ВО3-тің емес, мета- және тетрабор қышқылының (НВО2 және Н2В4О7) туындылары, олар бір бірімен ауыспалы байланыста болады:
Н2В4О7 + 5Н2О ⇄ 4Н3ВО3 ⇄ 4НВО3 + 4Н2О
Бораттардың көпшілігі суда ерімейді, тек қана сілтілік металдардың борат-тары және аммоний бораты суда ериді.
В4О72- - ионы екі негізді әлсіз тетрабор қышқылының анионы(pK1 =3,74,pK2 = 7,70), оның тұздары гидролизденеді. Метабор қышқылының анионы (борат-анионы) түссіз, түссіз катиондармен түзілген тұздары да түссіз болады. Практикада қолданып жүрген бор қышқылы үш негізді ортобор қышқылы болып келеді. Бор қышқылы суда жақсы ериді және сулы ерітінділері әлсіз қышқыл (pK1 = 9,15,pK2 = 12,74,pK3 = 13,80) болып табылады, сондықтан қышқылдық ортада диссоциацияланбаған күйінде болады.
Бор қышқылының тұздары глицеринмен және маннитпен комплексті қышқыл түзгіш келеді: Н[ВО2[С3Н5(ОН)3]2]; Н[ВО2[С6Н8(ОН)6]2]. Комплексті бор қышқылдары бор қышқылымен салыстырғанда (Н3ВО3) күшті элек-тролит болып келеді. Комплексті қосылыстардың бұл қасиеттері сандық әдіс-те көп қолданылады.
1. Барий хлоридімен реакциясы. Борат-ионы барий хлоридімен әрекеттескенде ақ кристалды тұнба барийдың метаборатын түзеді:
В4О72- + Ba2+ + 3H2O → Ba(BO2)2 + 2H3BO3
Тұнба азот және сірке қышқылында ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |