Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет109/125
Дата10.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#72996
түріҚұрамы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125
Байланысты:
²². Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó ñàïàëû? àíàëèçä³? æ³êòåëó³

3. Темір сульфаты(II) NО3- ионымен бірігіп күкірт қышқылының ерітін-дісімен қоңыр түсті комплексті тұз [Fe(NO)]SО4 түзеді.
Тәжірибе:
Әйнек үстіне бір тамшы нитрат ерітіндісін тамызып, кішкене темір суль-фатының FeSО4 кристалын үстіне орналастырып, бір тамшы концентрлі кү-кірт қышқылын тамызады. Кристалды қоршай комплексті қосылыстың [Fе(NO)]SО4 түзілуі нәтижесінде қоңыр түсті сақина пайда болады:
6FeSО4 + 2NaNО3 +4H24 →3Fe2(SО4)3+Na24 +4H2О+2NO
2NO3- + 2FeSО4 → 2[Fe(NO)] SО4
Тәжірибе жүргізу шарттары:
1) J-, Вr- аниондары кедергі келтіреді, олар ұқсас түсті сақиналар түзеді.
4. Металдық алюминий немесе мырыш күшті негіздік ортада нитраттарды аммиакқа дейін тотықсыздандырады:
3NО3- + 8Al + 5ОH- +5Н2О → 3NH3↑ + 8АlО2-
3NО3- + 8Al + 5OH- + 18H2O → 3NH3 + 8[Al(OH)4]+


Тәжірибе:
Сынауыққа 4 тамшы калий (натрий) нитратының ерітіндісін құйып, 6 тамшы 6н натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Ерітіндіге бір түйір алюминий салып сынауықтың аузын дымқыл лакмус қағазымен жабады. Қағаздың көгеруін бақылайды немесе иісінен біледі.
Тәжірибе шарттары:
1) тотықсыздандыруды орташа сілтілік ортада жүргізу керек, бұл жағдайда реакция өте тез қарқынды жүрмейді;
2) сынауықты мақтамен жауып (тампон) қою керек. Бөлініп жатқан газбен бірге сілтінің тамшылары қоса шашырамас үшін;
3) NO3- анионның ашылуына NH4+ ионы кедергі келтіреді, оны алдымен сілті қосу арқылы қыздырып алып тастау керек;
4) NO2- анионы NО3- ионын ашуға кедергі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет