Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Тотықтырғыш аниондарға сынақ



бет118/125
Дата10.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#72996
түріҚұрамы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   125
Байланысты:
²². Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó ñàïàëû? àíàëèçä³? æ³êòåëó³

Тотықтырғыш аниондарға сынақ. 5-6 тамшы анықталатын ерітіндіге (алдын ала 2н күкірт қышқылымен қышқылдандырылған) калий йодидінің 2-3 тамшысы мен бірнеше тамшы крахмал клейстерін қосады. Ерітіндінің көк түске боялуы тотықтырғыш анионның NO2- бар екенін көрсетеді.
Тотықсыздандырғыш аниондарға сынақ. Анықталатын ерітіндінің 5-6 тамшысына 2 тамшы 1н күкірт қышқылымен 2-3 тамшы сұйытылған калий перманганатының КМnО4 ерітінділерін тамызады. Егер калий пермангана-тының түссізденуі байқалса ерітіндіде тотықсыздандырғыш аниондар SО32-, NО2-,J-, Вr- кейде Сl- болуы мүмкін.
Газ бөлінуіне арналған сынақ. 3-4 тамшы зертелінетін ерітіндіге 3 тамшы 4н күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, шайқағанда газдың бөлінуі CО32-, 32-, S2-, NO2-аниондарының қатысын көрсетеді. Газдардың қасиетіне қарай (иісі, түсі) СО2, SО2, H2S, NО2 мүмкін болатын құрамын анықтауға болады. Егер газдың бөлінуі мардымсыз болса, сынауықты аздап қыздыру керек. Газ көпіршіктерінің пайда болуына назар аудару керек. Алдын-ала жүргізілген тәжірибелерге қарап қандай аниондардың зерттелінетін ерітіндіде бар екенін қорытындылауға болады. Содан соң оларды дәл анықтау жұмысына кірісу керек.
Әр анионды жеке байқауда анықтау


42- - сульфат ионын - азот немесе тұз қышқылымен сәл қышқылдан-дырылған ортада жеке алынған ерітіндінің бөлігінде бөлшектік әдіс бойынша ВаС12 әсерімен ашады.
32- - сульфит ионын күкірт қышқылы әсерімен жеке ерітіндінің бөлі-гінде ыдырата (қыздыру арқылы) отырып анықтайды. Бөлініп жатқан газды калий перманганатының КМnО4 ерітіндісі арқылы өткізеді. Егер ерітіндіде S2- мен NO2- аниондары болса, олардан ерітіндіні тазарту қажет, себебі бұл аниондар SО32-анионын анықтауға кедергі жасайды. Ол үшін ерітіндінің 4 тамшысына 4 тамшы барий хлоридінің ерітіндісін қосады. Дайын болған тұнбаны центрифуга арқылы бөліп алып, сумен жуып, 2-3 тамшы 2н тұз қышқылын қосады. Бөлініп жатқан газды күкірт оксидіне сынау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет