Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет121/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
8.11.1. Құрғақ зат анализі

Әдетте құрғақ затпен жұмыс жасағанда оның 0,1-0,3г пайдаланады. Жұмыс жасамас бұрын құрғақ затты фарфор келісінде жақсылап майдалайды. Осы өте ұсақ ұнтақталған құрғақ затты үш бөлікке бөледі. Біріншісінен катион-дарды, екіншісінен аниондарды анықтау үшін, ал үшіншісі қайталау, я болма-са тексеріс жұмыстарына қажет болады. Анализ бастамас бұрын алдымен суық суда, содан соң ыстық суда еруін байқайды.


Ол үшін бірнеше түйіршігін 10-12 тамшы дистилденген суға салып шыны таяқшамен араластырады. Егер анықтайтын зат ыстық суда ерімесе алдымен 2н сірке, содан соң 2н тұз қышқылында ерітіп байқау керек. Егер бұл қышқылдарда да ерімесе, онда концентрленген қышқылдарда (тұз, азот) және патша арағында, сонымен қатар аммоний гидроксидінде ерітеді.
Зерттейтін затыңыздың ерігіштігіне байланысты жасайтын анализді әр түрлі әдіспен жасауға болады.


Суда еритін заттарды анализдеу әдісі.
0,05г-0,1г құрғақ затты 4-5мл дистилденген суда ерітіңдер. Ерігіштігіне байланысты қандай катиондар болатынын қорытынды жасаңдар. Анализ жасамас бұрын оның түсіне көңіл аудару керек. Түсіне байланысты мына катиондардың бар-жоғы туралы болжауға болады.
Мысалы: Cu2+, Co2+, Fe3+, Cr3+, CrО42-, Cr2О72- және т.б.
Егер ерітінді сілтілік қасиет көрсетсе, күшті негіздердің тұздары немесе гидроксидтері және әлсіз қышқылдар болуы мүмкін (Na2S, K23, CH3COONa және т.б.). Ал қышқылдық қасиет көрсетсе, ерітіндіде бос қыш-қылдар, қышқыл тұздар немесе күшті қышқыл тұздары және әлсіз негіздер болуы мүмкін (NH4Cl, ZnCl2, AlCl3 т.с.с).
Ал бейтарап орта көрсетсе, ерітіндіде күшті қышқыл мен күшті негіз тұздары (KСl, Na24) немесе NH4CH3COO сияқты әлсіз қышқыл мен әлсіз негіз тұздары болуы ықтимал. Осындай алдын-ала зерттеулер жасалғаннан кейін катиондар мен аниондарды анықтауға кірісуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет