Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет35/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124
7. Алюминон С22H11O9(NH4)3 (ауринүшкарбон қышқылының аммоний тұзы, қысқаша NH4L деп белгілеуге болады) сірке қышқылды немесе ам-миакты ортада Аl3+ катионымен қызыл түсті ішкі комплексті қосылыс түзеді (қысқаша Аl(ОН)2L құрамды):
АlСl3 + 3NH4OH Аl(ОН)3↓ + 3NH4Cl

Тәжірибе:
Анықтайтын ерітіндінің 3-4 тамшыcына 2н сірке қышқылын, 2-4 тамшы 0,1% алюминон ерітіндісін қосып, су моншасында қыздырады. Содан соң араластырып Cr3+ лактарын бұзу үшін аммиак ерітіндісін сілтілік реакцияға (лакмус қағазымен тексереді) дейін қосады, оған Са2+ лактарын бұзу үшін 2-3 тамшы 2н (NH4)23 ерітіндісін қосады. Алюминий катионы қатысында қызыл тұнба түзіледі немесе ерітінді қызылға боялады.
Тәжірибе жүргізу жағдайлары:
1) Fe3+, Bi3+, Cr3+, Са2+ катиондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді;
8. А13+ катионын құрғақ жолмен анықтау реакциялары
Өте сұйытылған Co(NО3)2 ерітіндісі А13+ катионымен Со(А1О2)2 көк түсті кобальт алюминатын (алюминий және кобальт оксидтерінің қоспасы) түзеді, ол "тенар көгі" деп аталады:
2Al2(SО4)3 + 2Co(NО3)2→ 2Co(AlО2)2 + 6SО3↑ + 4NО2↑+ О2
Тәжірибе:
Сүзгі қағазының бір бөлігіне алюминий тұзының ерітіндісінен 1-2 тамшы, оның үстіне 1 кобальт нитратын тамызып кептіреді де тигельге салып жаға-ды. Алюминий катионы қатысында көк түсті күл қалады.
Тәжірибе жүргізу жағдайлары:
1). Cr3+, Zn2+, Сu2+, Ni2+ катиондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет