Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Аммоний тетрароданомеркуратының (II) (NH4)2[Hg(SCN)4) әсері



бет67/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124
4. Аммоний тетрароданомеркуратының (II) (NH4)2[Hg(SCN)4) әсері
Со2+ катионы аммоний тетрароданомеркуратымен(II) көк түсті Co[Hg(SCN)4]↓ комплексті тұзының тұнбасын түзеді:

Тұнбаның түсуі мырыш катионының қатысында тез жүреді, көгілдір тұнба түзіледі:

Жалпы алғанда мырыш және кобальттың аралас тиоцианатты комплексті тұзы түзіледі деп, қысқаша төмендегі теңдеу арқылы көрсетуге болады:





Тәжірибе:
а) Кобальт(ІІ) тұзының 3-4 тамшысына 1 тамшы мырыш сульфатын және 2-3 тамшы (NH4)2[Hg(SCN) ерітіндісін қосқанда ашық-көк түсті тұнба түзі-леді.
Осы реакцияны микрокристаллоскопиялық жолмен жасаса да болады.
ә) 1 тамшы кобальт(ІІ) тұзының ерітіндісін шыны әйнекке тамызып булан-дырады да үстіне 1 тамшы мырыш тұзы ерітіндісін және 2 тамшы (NH4)2[Hg(SCN) ерітіндісін тамызады. Бірнеше минуттан кейін көк кристал-дар түзілгенін микроскоптың көмегімен байқауға болады.



8-сурет. Co[Hg(SCN)4] кристалдары


Реакцияның жүру жағдайы:
1) Cd2+, Nі2+, Fe2+, Сu2+ катиондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.
5. Мырыш тұздарымен реакциясы – «Ринман көгінің» түзілуі
Фильтр қағазына бірнеше тамшы мырыш Zn(NО3)2 және кобальт Сo(NО3)2 нитраттарын тамызып, кептіріп фарфор тигельде өртегенде жасыл түсті CoZnO2 күлі қалады, оны «Ринман көгі» деп атайды:
Co(NO3)2 + Zn(NO3)2 → CoZnO2 + 4NO2 + O2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет