Байланысты: ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі
3. Минералды қышқылдар барлық сульфидтерді күкірттің қос тотығын бөле отырып ыдыратады:
BaSО3 + 2HCl → BaCl2 + H2О + SO2↑ Бөлінген күкірттің(IV) тотығын оның өзіне тән иісінен және йодтың сулы ерітіндісін немесе калий перманганатын түссіздендіру қасиеті арқылы анықтайды:
SО2 + J2 + 2H2О → 4H2SО4 + 2HJ 5SO2 + 2KMnО4 + 2H2О → K2SО4 + 2MnSО4 + 2H2SО4 Сульфиттердің ыдырауы қыздырғанда және ортаның рН мәнін төмен-деткенде тезірек жүреді.
Реакцияны газдарды анықтауға арналған қондырғыда жүргізеді.
Тәжірибе: а) Сынауыққа бірнеше тамшы Na2SО3натрий сульфитін және 2-3 тамшы тұз қышқылын тамызады. Крахмалмен көк түске боялған йод ерітіндісінің там-шысын (немесе KMnO4 сұйық ерітіндісін) нихром сымының ұшына тигізіп сынауыққа орналастырып, оның бетін тығындап жабады, тығынның бір шетінде қуыс болуы қажет, содан соң қыздырады. Біраз уақыттан соң тамшы түссізденеді.
ә) сынауықа 5-6 тамшы натрий сульфиті ерітіндісін алып сонша көлемде HC1 немесе H2SO4ерітіндісін қосып шайқағанда газ түрінде күкірт диоксиді бөлінеді. Оны өзіне тән иісінен білуге болады.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1) SО32- ионын анықтауға S2- анионы кері әсерін тигізеді, себебі суль-фидтерге қышқылмен әсер еткенде H2S бөлінеді, өйткені ол да йод еpiтіндісін және калий перманганатын КМnО4 түссіздендіреді.