Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Йодты немесе бромды сулар



бет84/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

4. Йодты немесе бромды сулар бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортада сульфит ерітінділерімен әрекеттескенде түссізденеді:
32- + J2 + Н2О → SО42- + 2J- + 2Н+
Тәжірибе: Сынауыққа 4-5 тамшы натрий сульфидінің ерітіндісін құйып, тамшылатып (лакмус қағазы бойынша бейтарап ортаны көрсеткенше) сірке қышқылы СН3COOH ерітіндісін және 2-3 тамшы йод ерітіндісін тамызады. Йод ерітіндісі түссізденеді. Бром суымен де осындай реакция жүреді.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) реакцияны бейтарап және әлсіз қышқылды ортада жүргізу керек (рН<7);
2) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш иондары реакцияның жүруіне кедергі жасайды.
5. Калий перманганатының KMnO4 әсері.
Сульфит-ионы күшті қышқылдық ортада күлгін түсті MnO4--ионын түссіз Mn2+ - ионына дейін тотықсыздандырады:
5SO32- + 2MnО4- + 6H+ → 2Mn2+ + 5SО42- + 3H2O
Бейтарап ортада қара-қоңыр MnO(OH)2↓ (H2MnO3) тұнбасы түзіледі:


3SO32- + 2MnО4- + 3H2O → 2MnO(OH)2 + 3SО42- + 2OH-


Тәжірибе: 2 сынауық алып әрқайсысына 2-3 тамшы натрий сульфиті ерітіндісін қосады. Біріншісіне 2-3 тамшы H24 және тамшылатып сұйытылған KMnO4 ерітіндісін қосқанда перманганат ионының күлгін түсі түссізденеді.
Екіншісіне KMnO4 ерітіндісін қосқанда қара-қоңыр MnO(OH)2 тұнбасы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет