Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет8/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

4. Жалынның боялуы
Калийдің ұшқыш тұздарын жаққанда жалын әлсіз күлгін түске боялады.
Тәжірибе: Платина немесе нихром сымын тұз қалдықтарынан қыздыра отырып тазалау қажет. Ол үшін сымды концентрлі тұз қышқылына батырып, оны жалында ұстап қыздыру қажет, жалынның түсі өзгермей қалғанша, бір-неше рет қайталау керек. Қызған сымның ұшын калийдің құрғақ тұздарына тигізіп, сымды жалында ұстайды, пайда болған әлсіз күлгін түс калий тұзда-рына тән. Мұны көгілдір әйнек немесе индиго ерітіндісі құйылған жалпақ ыдыс арқылы қарағанда жақсы көрінеді.


Na+ катионының сапалық реакциялары


1. Калий дигидроантимонатыKH2SbО4 натрий катионымен ақ крис-талды натрий дигидроантимонаты тұнбасын түзеді:


Тәжірибе: 5–6 тамшы Na+ тұзының ерітіндісіне сондай көлемде KH2SbO4 қосады. Тұнба бірден түзілмейді, сынауықтың ішкі қабырғасын шыны таяқ-шамен үйкелеу қажет, сонда NaH2SbO4 натрий дигидроантимонатының ақ кристалды тұнбасы түзіледі.
Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) натрий ионының концентрациясы жеткілікті болуы керек (анықтау шегі – 0,5 мкг, шекті концентрациясы 1:3300); сұйытылған ерітінділерді булан-дыру керек;
2) ерітіндінің ортасы бейтарап және әлсіз сілтілік болуы керек. Реакция ортасы қышқыл болса, метасурьма қышқылының ақ аморфты тұнбасы HSbO3 түзіледі. Ақ аморфты тұнбаның түзілуін Na+ катионы бар деп айтуға болмайды:

Сондықтан, қышқыл ерітінділерін КОН ерітіндісімен бейтараптау қажет.
Сілтілік ортада тұнбасының орнына ортотұз түзіледі. Сілтілік ортаны сірке қышқылымен бейтараптау керек;
3) реакция суық жерде журуі керек, жоғары температурада тұнбаның ерігіштігі артады;
4) реакцияның жүруін тездету үшін механикалық әсер ету керек;
5) - иондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді. Аммо-ний ионының қатысында метасурьма қышқылы түзіледі, литий, магний иондары қатысында, осы элементтердің ақ кристалды антимонаттары түзі-леді, себебі натрий ионына қарағанда иондарының осы реагентке сезгіштігі жоғары (анықтау шегі 50 мкг).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет