Ііі. Қажетті бастапқы білім деңгейі


VI. Бақылау – үйрету есептері



бет4/5
Дата28.04.2023
өлшемі389,33 Kb.
#87898
1   2   3   4   5
VI. Бақылау – үйрету есептері.

1.

Метилен көгімен боялған препаратта қара-көк түсті үйінділері бар ней-роциттің өсіндісі көрінеді. Бұл үйінділер қалай аталады? Нейроциттің өсіндісі қай түріне жатады? №3, 4 тапсырманы қараң.

2.

Көз торқабығының биполярлы нейроцит (ІІ) өзінің өсінділерімен ган-глиозды нейроцитпен (ІІІ) байланыстырады. Биполярлы нейроцит бірін-ші нейроцитпен және үшінші нейроцитпен қандай өсінділер арқылы байланысады? Биполярлы нейроцитке қоздыру импульсі қай бағытта беріледі? (біріншіден екіншіге ме, әлде керісінше ме?) № 1,3 тапсыр-маны қараң).

3.

Суретте көпөсінділі нейроцит және оның денесі мен өсінділерін қорша-ған глия клеткалары көрінеді. Суреттің астына леммоциттер мен сател-литтер глия клеткаларына жатады деген белгі қойылған. Нейроциттің қай бөлшектерінде осы екі түрлі глиоциттер орналасқан? №7, 8, 9 тапсырма. Оқулықтың «Нерв тіні» тар.қараң.

4.

Препараттарда, біреуі осмий қышқылы, екіншісі азотты – қышқыл күміс-пен боялған көлденеңінен қиылған нерв талшықтары көрінеді. Бірінші препаратта талшықтың белағашты цилиндрі ақ жарқын, бірақ қоршаған қабығы қара түсті. Екінші препаратта белағаш цилиндр қара, қабығы ақ жарқын. Бірінші және екінші препараттарда талшықтардың қандай түр-лері көрсетілген?
Осы екі талшықтың қабықтарының жеке түрін атаңыздар? № 8, 9 тапсырманы қараң.


VIII. Тақырып бойынша бақылау сұрақтар.

1.

Нейроциттер мен глиоциттердің дамуының қайнар көздерін атап беріңіз-дер.

2.

Нерв тіні, клеткалардың қандай түрлерінен тұрады және олар қандай функция атқарады?

3.

Нерв клеткаларының дендриттері мен нервтің қандай морфологиялық және функциялық ерекшелік арқылы айыруға болады?

4.

Нерв клеткалары (нейроциттер) қалайша жіктеледі?

5.

Нерв клеткаларының денесінде, дендриттерінде және нейритінде қандай арнаулы органоидтар орналасады?

6.

Белсенді нерв клеткаларының және әлсізденген нерв клеткаларының құрылуы қандай болады?

7.

Глин клеткалары (глиоциттер) қалайша жіктеледі?

8.

Нерв клеткалары мен глия клеткалары нерв талшықтарының құрылуына қалай қатысады?

9.

Нерв талшықтарының қандай түрлері бар, және олардың қайсылары «жылдам» және «баяу» болып келеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет