Iii. Алфавит, орфография, терминология мәселелері



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата20.08.2023
өлшемі0,67 Mb.
#105420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
-дар, -тар, -дер, -тер
екi түрде 
-дар//-дер
болып жазылсын деген. Бұл да 
«дар»
-ды жалғаудың байырғы 
түрi, дұрыс түрi деген, 
-тар//-тер
бұралқы түрi деген қиялдан туған пiкiр. 


Жалғаудың қай түрi үлкен, қай түрi кiшi екенiн әлi ешкiм аша алған жоқ. Бiздiң 
алтай тiлдерi қатаң, ұяң дыбыстарын бұрын айырмаса керек. Мәселен, ұйғыр 
жазуында 
п
мен 
б

к
мен 
г
айырылмаған.
Сондықтан ұйғыр әлiппесiмен жазған түрiктер қатаң дыбыстан ұяң дыбысты 
айыра алмаса керек. Көп зерттелген бiр түрiк тiлiнде бұл әлi бар. Мәселен, шуваш 
тiлiнде қатаң мен ұяң дыбыстар айырылмады. Бiтеу буында қатаң болған дыбыс, 
ашық буында ұяңға айналады. Мысалы 
үт (ат), ұда (атқа)
. Берi келе қатаң, ұяң 
дыбыстар жiктеледi. Оның бiрi – ерте, бiрi – кеш шықты деу дұрыс емес. Бiздiң 
емлемiзде де екеуiнiң терезесi тең болуы керек.
Бiзге туыс жүйелi емленiң келмейтiн тағы бiр себебi – тiлiмiздi зат есiм, сын 
есiм деп сөз мүшелерiне бөлу қиын. Архангельский жолдастың тiл құралын түзеген 
Кемеңгер ұлы жолдас осылай дептi. Бiздiң тiлiмiз жалғамалы (агглютинация) тiл, 
қопармалы күйге жетпеген тiл. Бұлай сатылауға англичан тiлi қарсы болса да, 
англичан тiлi қопармалылықтан жалғамалылыққа қайтса да, осы күнгi бiр жаңа 
қисын 
қопармалы 
тiлдi 
жоғары 
қояды. 
Мен 
осы 
жаңа 
қисынды 
қолдаушыларданмын. Түрiкшiлдер де бiздiң тiлiмiзде әлi дербес тұлғасы жоқ 
сөздер барын көрсетiп отыр. Бұған зат есiмнен шыққан сын есiмдер айғақ болып 
отыр. Олар мағынасы аяғындағы дыбысына қарай емес, сөйлемдегi орнына қарай 
бiлiнедi. Сондықтан тiл құралымызды сөз жүйесi ғана емес, сөйлем жүйесiне де 
қоса құру керек екенi байқалады. Тiлiмiз осындай сатыда тұрған соң емленi сөз 
жүйесiне құруға болмайды. Бiзге ең қолайлысы дыбыс жүйесi.
Ендi жолай бөлек-салаққа кiдiре кетем. Мен баяндамашының кейбiр 
жаңылысын түзегiм келмейдi де, баяндамашы тiл маманы болуда дауы жоқ.
Сөз басында дауыссыз дыбыстар қосарланбайды дегендi кеңiтiп, буын iшiнде 
дауыссыз қос дыбыс келмейдi деу дұрыс. Бұл барлық түрiк тiлдерiнiң заңы. Тек 
дауысты үндi шұғыл болса ғана екi дауыссыз дыбыс қатар келедi. Басқа түрiктер 
екi дауыссыз дыбысты қатар жазса, ол тек емледен. Бiрақ «екi дауыссыз қатар 
келмеу – барлық мешелдеген тiлдер белгiсi» деу жаңылыс. Араб-жебiрей 
тiлдерiнде үш дауыссыз қатар келедi. Бiрақ соңғы кезде олар да асты-үстi қойып 
айырып жүр, мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет