Iii. Алфавит, орфография, терминология мәселелері


зарыбун – ұру, зараба – ұрды, зарыба – ұрылды



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата20.08.2023
өлшемі0,67 Mb.
#105420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
alfavit-orfografia-terminologia-maseleleri

зарыбун – ұру, зараба – ұрды, зарыба – ұрылды
. Олардың 
дауысты әрiптер жазып жүргенiнiң өзi дауыстыларды көп сезбегендiгiн көрсетедi. 
Н. Е. Вунцетель мұны жетiлген тiлдiң белгiсi қылып көрсетеді. Әйтеуiр мен солай 
түсiнiп қалдым. Түсiнуiм дұрыс болса, ол кiсiнiң ойына қосылғым келмейдi. 
Өйткенi дауыстыға түрiк тiлдерiнен бай тiл жоқ. Жаңада ғана өзбектер 18 дауысты 
дыбыс аламыз деп дауласқан. Олар түрiк тiлдерi жетiлген тiлдер болады дейді. 
Бодуэн-де-Куртене де солай деген.
Мен қопармалы тiл, жалғамалы тiлден жетiлiңкiреген деген ойға қосылам. 
Бiрақ жалғамалы тiлдiң дыбысқа бай екендігін мойындамасқа болмайды. Осы күнгi 
бiр жаңа қисынның айтуынша әуелi қоспа дыбыстар шыққан. Сонан олар 
жiктелген. Ең соңынан дауыстылар шыққан. Сондықтан буында дауыссыздар 
қатарланып келуi ескiнiң мұрасы деп қарау керек.
Осымен сөзiмдi тоқтатам.


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕСІН ӨЗГЕРТУ ЖАЙЛЫ
1
 
Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс 
шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол: өркендеп алға барған тілдің түрлі 
тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтасады да отырады. Тілдің 
әліппиінен бастап, жоғары сатысына жеткенше ілім-техниканың не бар игілігін 
сөзбен айтып, ашып бере аларлық дәрежеге жетудің өзі де емле мен 
терминологиядан аулақ болмақ емес. Емле мен терминологияның қызметі сол 
қалың еңбекшінің қолын мәдениетке жеткізу болады да, ондай кезде емле мен 
терминологияның мәні әсіресе зор болады.
Сүйтіп, байтақ бұқараның білімге, мәдениетке қолын осы емле мен 
терминологияға жоламай жеткізуге болмайды. Кезінде ағылшынның емлесін 
сынап, Энгельс былай деген: 
«Ағылшын емлесінің шатақтығы сондай, оқи білу деген ілуде біреудің ғана 
қолынан келетін бір қиын өнер де, ол өнерге жету үшін көп уақыт, көп еңбек сарп 
етіп оқу керек; солай болған соң жұмысшы табының надандықтан құтыла алмауы 
табиғи қалып болмақ. Жаза білу деген тек азғантай ғана адамның қолынан келеді, 
емлеге келтіріп жазуды көп оқыған адамдардың да көбі білмейді» (Маркс пен 
Энгельстің II томы, 403-беті). 
Энгельстің бұл айтып отырғаны – Англия мен Американың үстем тілінің 
емлесі; буржуаз Англия мен Американ елінің билігі буржуазия табының қолында 
тұрған кезде буржуазия мәдиениетінің маңдай алды Англия, Америка сықылды 
елдерде о сықылды шиеленіскен шатақ емленің сондай ілгері мәдениетпен сиысуы 
жөн болса да, – еңбекші бұқараның ілгері басуы мүлде ақылға симайтын қалып 
болмақ.
Сондықтан, емленің жалпы ережесіне көнбей бөлек жайылатын 
оқшаулықтарды көбейтіп, тілдің шын қалпына жанаспайтын «академиялық» 
ережелерді аңдатып, емлені шатыстырып, қиындату дегенді ауызға алмайтын 
болуымыз керек. Cондықтан, кейбіреулердің ағылшын емлесін бетке ұстап, 
емленің қиындығы мәдениеттің көркеюіне бөгет болмайды, дегені де, А. 
Бөкейханұлының: – Жапония емлесіндей жаман емле жоқ, бірақ Жапония сол 
емлесімен-ақ өнер-мәдениетін Европа елінің деңгейіне жеткізді» («Еңбекші қазақ», 
1924 ж.) дегені де қисынға келмейді.
Жапон жазуының негізі иероглиф (сөз басы бір таңба) бола тұрып, бірқатар 
сөздің буын-буынында таңбалайтын жолы бар; сондықтан оның жазуы 
Бөкейханұлы айтқандай, ең жаман жазу болмағанмен, шатағы көп, қиын жазу. Ол, 
ол ма, әр ұлтының әдеби тілі бір ғана тіл болса, Жапонияның әдеби тілінің өзі 
бірнеше де, әр қайсысының жазуы да әр түрлі, өздері біріне бірі жалғаса қиындай 
береді.
Бірақ емленің жеңіл болуы керек дегенді әр түрлі түсінуі мүмкін. Емленің 
ережесі, әйтеуір, аз бола берсе, әсіресе, ережеге келмейтін оқшау қалыптары, 
әйтеуір, аз бола берсе, емле сонда ғана жеңіл болады деп жору мүмкін.
Ереженің саны неғұрлым аз болса, оны үйреніп алудың да оңай болатыны 
рас. Ережеге келмейтін одағай қалыптар аз болса, онан емленің оңайлайтыны да 
1
Мақала «Мемлекеттік терминкомның бюллетенінде», (1935-ж., № 4-санында) 
жарияланған. 


рас. Бірақ ереженің саны да, ережеге келмейтін одағайдың саны да азая келе, өзінің 
тиісті шамасынан мүлде кеміп кетсе, онда ол сықылды «жеңілдік» жеңілдік болмақ 
емес.
Ереженің санының аз болуы, емлеге керек ережелердің ол санның ішіне 
түгел кірмей қалғандығынан болса, ережеге жатпайтын одағайлардың аздығы да, 
өзінің санымен аз болғандығынан емес, бірқатарының еленбей, ескерусіз 
қалғандығынан болса, олай болған күнде онан емле жеңілденбейді, қайта қиындай 
түседі, cол сықылды тым артып кетсе, тілдің емлесі жазуды бір ізден шығаратын 
емле болудан да қалады, емлеге келтіріп жазу деген мүлде болмайтын боп шығады.
Қазақ тілінің 1929 жылы бекіген емлесі нақ осындай күйде. Бір көруге оп-
оңай. Таза қазақша сөздің емлесіне арналған ережесінің саны 12-ақ, терминнің 
жазуына арналған ереженің саны 18. Емле осы сықылды «жабайы» болған соң, 
дұрыс жаза білу оп-оңай болу керек еді, жұрттың бәрі де дұрыс жаза алатын болу 
керек еді. Бірақ, шынында олай емес: жұрттың бәрі де дұрыс жаза алмайтын болып 
отыр.
Кейбір сөздер, мәселен, тұрмыста ең көп айтылып, көп жазылатын сөздердің 
бірі – «коммунист» деген сөз 16 түрлі боп жазылады, сонда о сөздің ішіндегі 
әріптерінің саны да оған жетпейді. Оны біреулер «кәмөнес» деп жазады, біреулер 
«кәмунис» дейді, тағы біреулер «кәмуніс» деп жазады, әркім өзінше жаза береді. 
Cонда оны солай, әр түрлі жазғандардың әрқайсысының өз жазғаны дұрыс екенін 
айтатын дәлелінің толықтығы да, дұрыстығы да тепе-тең түсіп, бірін-бірі бұзып 
кете алмайды. Бірақ сол 16 түрлі жазудың біреуін өзгесінен артық деп табарлық 
шын дәлел таба алмаймыз. Оны салыстырып санағанда, бірінен-бірін артық не кем 
деп айтарлық дұрыс критериямыз жоқ, емлемізде оған критерий боларлық 
ережеміз жоқ. Сондықтан, жаңағы сөздің 16 түрлі жазылғанының 16-cы да дұрыс 
болғаны секілді, 16-сы да дұрыс емес болып шығады. Міне, емле осы сықылды 
күйде болған соң, ешбір сөзді дұрыс жазуға болмайды.
«Коммунис» деген сөз қазақтың өз сөзі емес, оның жазуының тұрақты 
болмауы содан – деп дауласушылар да болар, бар да. Бірақ ол сөз орыстікі де емес, 
немістікі де емес, cүйте тұра ол орыстікі де, қазақтікі де, немістікі де, тіл-тілдің 
бәріне бірдей халықаралық сөз, оны, тегін қазып, латынша сөз деген қаншалық 
қисынды болса, қазақ тілінің өз сөзі деген де соншалық дұрыс болады (Бұл сөздің 
латыншасы – «Гоммунис», жалпы, көпке ортақ деген мағынада). Қайта құл ұстап, 
теңдік, ортақтық дегенге мүлде жанаспаған баяғы Рим (латын) елінен көрі қазақ 
елінің бұл сөзді «менікі» деуге правосы анағұрлым артық.
Шынында, дұрыс жазу деген – қазақтың өз сөздерінің, «таза» қазақша 
сөздердің ғана правосы болып, емле сонымен ғана тұрып қалмау керек, қазақтың 
әдеби тілінде кездесетін сөдердің бәрі де дұрыс жазылып, әр қайсысының өзінің 
меншікті тұрақты таңбасы жазылған түрінен басқаша жазудың бәрі де қате 
делінетін болу керек; бірақ ол үшін мына сөз «таза» қазақша, мынаның тегі жат 
деп, сөз-сөздің тегін қазып жатудың қажеті жоқ, тегі қайдан шықса да, бәрі бір,
қазақ тіліне кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі деліну керек.
«Коммунист» деген сөз тіл-тілдің бәрінде де бар, бірақ оның түбі сол 
тілдердің ешқайсының да өзінікі емес; сүйтсе де оны орыс та, неміс те «өз сөзім 
емес» деп қалай болса солай жаза бермей, тұрақты бір таңбамен ғана жазады.


Міне, қазақ тілінің емлесі де сол сықылды тұрақты болу керек. Жаңағы 
«коммунист» сияқты мыңдаған сөздің осы күнге шейін ешбіреуі дұрыс жазылмай 
келеді. Біреуінің де тұрақты таңбасы жоқ, осы күнгі емленің емле болып шығуы 
1929 жыл еді, сонан бергі 6 жыл бойы жаңағыдай сөздердің ешбіреуі бір тұрақты 
түрге түсе алмастан келеді. Енді о сықылды сорақылықтан құтылу үшін ең 
алдымен сол сорақылықтың түп себебін тауып алу керек.
Әрине, ол себепті әр кім өзінше бүлдіріп жазумен келген «коммунист» деген 
сөздің өз бойында деуге болмайды. Оны жазушылардың надандығынан да көруге 
де болмайды, емленің: осылай жазу керек деп, қолға ұстатқан тұрақты жолы 
болмаған соң, жазушы емленің анархиясынан қайткенде де құтыла алмаған.
Сөйтіп, о сықылды сөздердің тұрақты таңбасының болмауына шын себеп – 
осы күнгі емленің өзі, бұл емленің бір ережесі: «шет тілдерден кіретін сөздердің – 
терминдердің емлесі қазақ тілінің фонетикасы мен морфологиясының осы күнгі 
заңдарынша болу керек, – дейді» (1929 жылғы емле конференциясының стеногр., 
139-бет). 
Бұл – «қазақ тілінің фонетикасының осы заңдарына» терминдердің емлесін 
бағындыра берудің түбі шиеленген шатақ болып кететін болған соң, соны 
көлегелеймін деп, оған: «аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жат сөздердің 
түбірін бұзбай жазу керек...» – деп, бір эклектік бұлтарыс қосқан (сол стеногрмның 
140-беті). 
Міне, терминдерді осы ережеге келтіріп жазу үшін, жазушы оны әуелі 
«қазақ» фонетикасының осы күнгі заңына бағындырамын деп бір әуре болады, «аса 
бір керек жерлерде ғана болмаса, терминдердің түбірін бұзбай жазамын» – деп, екі 
әуре болады. Cөзді мұндай ережеге келтіріп жазу үшін әр жазушы оны өзінше 
жазып, әр сөзді өз алдына қиыстыруға тиіс. Өйткені, олардың әрқайсысында өз 
көзқарасы бар ғой. Cонда біреуі: «коммунист» деген сөзді «кәмөнес» деп жазғанда 
оны «керегінше ғана бұзып», қазақ фонетикасының осы күнгі заңына 
бағындырдым – деп біледі, екінші біреу ол сөзді «кәмүнес» деп жазғанда сол 
шартқа келтірдім деп түсінеді, тағы біреуі оны «кәмүніс» деп жазғанда ережеге 
қисынады деп ойлайды. Ереже осының бәріне де өзі жол ашады.
Cонымен, емле әркімнің өзінше жазуын қойдырып, сөз-сөздің таңбасын 
айнымайтын тұрақты қылып шығарудың орнына, емле жасағанда бұл мақсат 
еленбегендіктен, жазуда тұрғылықты бір із болмай, қайта теріс «жазғыштыққа» 
бастап, анархия шығарып отыр.
Емлеміздің бұ сықылды жолсыздығы тек халықаралық терминдер ғана емес, 
қазақтың өз сөздеріне де тиіп отыр.
Жазуды сыңар езу ультра-фонетик жолымен жазатын болған соң, естілуі әр 
жолы әр түрлі, кейде болып, кейде түсіп қалып отыратын көмескі дауыстылардың 
емлесі мүлде шатысып, былығып кетті. Мәселен, бір кісі бір жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет