синус, косинус, тангенс, котангенс
т. б. сөздердің ықшамдалған
формулалары өзгертілмей, сол латынша таңбалануы бойынша жазылады. Мысалы,
sin, cos, tg, cotg, sec, cosec
т. т.
13. Халықаралық термин атауларының бас жағынан үстемеленіп, негізгі
мағынаны
терістейтін, немесе жаңа мағына телитін
би-, анти-, арк-, суб-
тәрізді
қосымшалармен тұтастықта қолданылатын:
биквадрат, бином, антилогарифм,
арктангенс, субнормал
т. б. сөздер
сол қалыптасқан тұлғада алынды; оларға
үстеуіш болып тұрған
«би»
– екеу,
«анти»
– қарсы,
«арк»
– кері
мағыналы,
«суб»
–
төменгі не сыртқы қабаттағы дегендей түсінік беріп жатпай-ақ, күрделі терминдер
кіріккен сөздер қатарында берілді. Тіпті осы берілістің негізінде орыс тіліндегі
«субнормал»'>«подкасательная»
термин – сөзін
«субжанама»
деп аударып алдық.
Өйткені
орыстарда
«поднормал»
деген сөзбен жарыса
«субнормал»
дейтін халықаралық
термин де алма-кезек қолданыла береді. Осы екі түрлі
сөз жұмсаудың бізге
қолайлырағы –
«субнормал»
болды. Сөйтіп біз жоғарыдағы
«субжанама»
деген
термин-сөздің де орайсыздығы болмас деп ұйғардық. Бұлай деп алмаған күнде
субнормал
дегеннің мағынасын екі сөзбен:
нормал іргесі, жанама іргесі
деп,
немесе басқаша түрде икемдеп алуға тура келер еді. Бірақ бір ұғымды
олайша екі
сөзбен айтып, жазуды біз лайықсыз деп білдік.
14. Қазақ тілінде әр түрлі айтылып, жазылып жүргені
«образ» – бейне,
кескін
т.б.;
«ось» – сабақ, шүлдік, өзек
т. б. Кейбір шет сөздер термин
мағынасында қазақ тіліне енгізілді. Ескерте кетейік,
бұның бәрі әзірге жоба
ретіндегі ұсыныстар. Сондықтан бұған көпшілік өз пікірін айтады деп күтуліміз
2
.
2
Мемлекеттік термин комиссиясының Бюллетені, № 2, 15 мамыр, 1935. Бірінші бөлімнің
3-ші, 4-ші беттері. Мақаланы латыншадан транслитерациялап, баспаға әзірлегендер Е. Жұбанов
пен М. Миров.