Iii. Алфавит, орфография, терминология мәселелері



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата20.08.2023
өлшемі0,67 Mb.
#105420
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
alfavit-orfografia-terminologia-maseleleri

қазақ тілінің терминдері
бір жағынан бір ыңғай интернационал 
сөздермен алынса, екінші жағынан – қазақ сөздерінен жасалатын болады.
Біз, 
бірыңғай интернационал терминдер
қазақ тілінде оларға сәйкес 
келетін сөздер табылсын, табылмасын – аударылып алынбасын дейміз. Қазақ 
тілінің терминдері жайлы біздің ұстаған жолымыз осы.


ФИЗИКА ТЕРМИНДЕРІ ЖАЙЫНАН
1
 
 
1. Аэросани – аэрошана.
Термин есебінде алынған интернационал сөздер қазақ тіліне судай сіңіп
бойына тарап, өз сөзіндей болып кетуі керек. 
«Ақыл», «ақпар»
сықылды арабтан 
кірген сөздер де, 
«самаурын», «бөкебай»
-ларға ұсаған орыс сөздері де бұл кезде 
қазақтың өз сөзі болып кеткен. Ол сөздердің төркіні араб яки орыс сөзі екенін тілші 
ғалымдар болмаса, жалпы жұрт білмейді де, «қазақтың өз сөзі» деп ойлайды.
Тілге жаңадан кіріп жатқан терминдер де соларға ұқсап, қазақтың төл сөзінен 
айыра танығысыз болып кетуі керек. Әйтпесе оларды жат сөз, жат нәрсе қылып 
көрсетіп қойсақ, тілді ілгері бастырып көркейтуге еш септігі болмақ емес. Біз 
«изм», «ист», «тор», «ия»
сықылды халықаралық қосымшаларды жұрнақ есебінде 
қабылдап алғанмен, әзіріне оларды парсыдан кірген 
«кер»
, арабтан кірген 
«іие»
-
лерге ұсатып, әзіріне өз сөздерімізге жалғап көргеніміз жоқ. Бірақ түбінде сөйтетін 
болуымыз керек.
Мынау 
«аэрошана»
-ға 
ұқсастырып 
«ультракүлгін», 
«субжанама», 
«микротаразы»
сықылды бірқатар терминдерді де осылайша: интернационал сөз 
бен қазақтың төл сөзін қосарлап әдейі алып отырмыз. 
«Аэрошана»
сықылды 
техникалық термин-сөздер осы қалпында елдің құлағына сіңіп пайдаға асып кетсе, 
«аэро»
-ға ұқсайтын халықаралық сөздерді сонда ғана 
«өзіміздікі»
қылып, 
меншіктеп алатын боламыз. Алғаш қолданған әзірде бұлар қайсыбіреулерге ерсі
тұрпайы болып та көрінуі мүмкін. Бүгінде 
«аэросани»
, «
автодорога»
деп жүрген 
сөздерді орыс елі де алғашында осылайша жатырқаған болатын. Бірақ қоғам 
өмірінің дамуы мұндай сонылықтардың талайын үйреншікті, дағдылы, сыпайы 
қалыпқа салды. Бізде де осындай болатынына сөз жоқ.
Мысалдар:
аэросани 

аэрошана 
грамм-вес 

 грамм-салмақ 
сила

күш 
инфракрасный 

инфрақызыл 
канал-лучи 
– 
канал-сәуле 
микровесы
– 
микротаразы 
ультра-фиолет 

ультракүлгін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет