К О Н С И Л И У М – оқушыларды зерттеудің ұжымдық әдісі.
Консилиумның міндеттері:
1. Оқушылардың мінез-құлқы мен оқу үлгеріміндегі ауытқу себептері мен сипатын анықтау.
2. Дамуындағы ауытқушылықтарға түзету мақсаттарындағы тәрбие шаралардың жоспарын құру.
3. Күрделі және нақты қақтығысты жағдайларды шешу үшін кеңес беру.
Консилиум жұмысын ұйымдастыру принциптері (қағидалары). - адамның жеке басын сыйлау;
- жақсы қасиеттеріне сүйену;
- зиян келтірмеу;
- психологиялық және әдістемелік білімдерді интеграциялау;
- диагностиканы барынша педагогикаландыру.
Консилиумның жұмысына қатысушылар құрамы оның мақсатына байланысты құралады. Олар – сынып жетекшісі, психолог, мектеп дәрігері, жасөспірім.
Консилиум екі кезеңнен тұрады: 1 – даярлық кезеңі. Бұл кезеңде оқушының диагностикалық картасы жасалады.
2 – кезеңде консилиум мәжілісі өткізіледі.
Мәжілісті өткізу барысында:
Консилиум мәжілісі хатталып тігіліп отырады. Аталған нақты әдістемелерге сүйене отырып, нақты қағидаларды ұстана жүргізілген «қиын» балаларды түзету жұмысы ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізудің кепілі болмақ.
«Қиын» балалармен Әлеуметтік педагогикалық- психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері.