Қиындығы жоғары есептерді шешу әдісі



бет4/10
Дата20.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#109289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Өздігінен есептерді шешу


Есеп№1. Реактивті ұшақтың массасы , двигателінің тарту күші болса, ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалған?( Жауабы: )
Есеп№2. Массасы допты ұрғанда кейін жылдамдыққа ие болады. Соққының орташа күшін табыңдар.( Жауабы: )
Есеп№3.Жеңіл автомобильдің массасы , ал жүк автомобилінікі . Жүк автомобилінің тарту күші жеңіл автомобилінікінен екі есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.( Жауабы: Жеңіл машинанікі екі есе көп)
Есеп№4. Трактор бос тіркемеге үдеу, ал жүгі барына үдеу береді. Қосарластырылған екі тіркемеге трактор қандай үдеу береді? Трактордың тарту күшін барлық жағдайда бірдей деп есептеңдер.( Жауабы: )
Есеп№5. Қатаңдығы тең сымды созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек? (Жауабы: )


Сапалық есептерді шешу әдісі


Оқушыларды өздігінен және шығармашылық оқуға үйрету үшін, оларды арнайы ұйымдастырылған қызметке тарту керектігін педагогика, психология саласындағы зерттеулер және тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушыларда оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Физика сабағында сапалық есептерді пайдалану осы қызметті орындауға мүмкіндік береді. Қарапайым сапалық есептер – ойды, зейінді қызықтырып әкететін тартымды есептер. Әсіресе 7-8 сыныптарда физиканы бастағанда сапалық есептерді көбірек шығартса, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сапалық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сапалық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, физикалық білім деңгейінің жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді.Сапалық есеп оқушылардың физика заңдарын, құбылыстарды, постулаттарды тез естеріне түсіріп, білу дағдыларын, тапқырлықты, шығармашылықты, мұқияттылықты, кеңістікте елестету қабілеттерін дамытады, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кең мүмкіншілік береді. Сапалық есептердің білімді тексеретін ( мысалы, ампер деген не? Ом заңы қалай тұжырымдалады?) сұрақтардан айырмашылығы бар. Бұл сұрақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін тексергенде сұраққа оқулықта бар дайын жауаптармен жауап беріледі, оқушылар оларды тек еске түсіру керек. Сапалық есепте сұраққа жауап беру үшін оқушы физикадан алған білімдерін және есептің мазмұнын талдай отырып жауап береді. Сапалық есептерді шығару кезінде есептерулердің болмауы оқкшылардың назарын физикалық мәніне аударуға мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушыларды пайымдауға, физикалық заңдардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.

1-есеп. Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды?


Шешуі: Денелердің жүзу шарты бойынша егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан аз болса, онда дене бетіне қалқып шығады. Керосиннің тығыздығы аз болғандықтан су бетіне қалқып шығып жана береді. Бұл сұрақтың жауабын денелердің жүзу шартын синтездеу және есептің берілген мазмұнын талдау арқылы беріледі.

2-есеп. Көмір шоқтары металл табақшада тез сөнеді, ал ағаш тақтаның үстінде ұзақ уақыт бықсып жанады. Неге?


Шешуі: Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылуөткізгіштігі де түрліше болады. Металл ағашқа қарағанда жылуды жақсы өткізеді. Сондықтан металл көмір шоғының энергиясын өзінен тез өткізіп, оны көмір жанатын температурадан төмен температураға дейін тез суытады. Ал ағаштың жылуөткізгіштігі металдыкінен аз болғандықтан көмірді баяу сөндіреді. Сұрақтың жауабы жылуөткізгіштік құбылысы туралы түсінікті қолданып беріледі.

3-есеп. Мектеп тақтасында бор неге із қалдырады?


Шешуі: Борды тақтаға басқанда көп үйкеліс күшін туғызады. Осы күш бордың түйіршіктерін бөліп алады, яғни із қалдырады.

4-есеп. Қатты денелерде диффузия құбылысын қалай жеделдетуге болады?


Шешуі: Қатты денелерде диффузия құбылысын жеделдету үшін дене температурасын жоғарлату керек, жоғары температурада диффузия құбылысы тез жүреді.

5-есеп. Неліктен үстел үстіндегі төгілген сия дақтарын ол төгілісімен тазарту оңайырақ, ал ол кепкеннен кейін тазарту қиынырақ?


Шешуі: Егер дақ пайда болған мезеттен бастап көп уақыт өтпеген болса, онда бояушы заттың молекулалары материалға терең еніп үлгермейді. Уақыт өткен сайын бояудың ену тереңдігі болып жатқан диффузияның салдарынан арта түседі де дақты кетіру қиынға түседі.

6-есеп. Неліктен жүк көтеретін кранға жүкті дереу қатты көтеруге болмайды?


Шешуі: Ілініп тұрған жүк өзінің тыныштық күйін сақтауға тырысады. Ал кран жүкті дереу көтергенде жіп үзіліп кетеді.(Инерция құбылысы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет