Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері


Бульбарлы және псевдобульбарлы параличтер. Симптоматикасы, ажырату диагностикасы. Оральді автоматизм рефлекстері



бет26/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87
Байланысты:
Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто

18. .Бульбарлы және псевдобульбарлы параличтер. Симптоматикасы, ажырату диагностикасы. Оральді автоматизм рефлекстері.
Бульбарлы және псевдобульбарлы синдром. Тіл жұтқыншақ,кезбе және тіласты жүйенің зақымдануы.Сопақша мидағы тіл жұтқыншақ,кезбе және тіласты жүйке ядросының зақымдануынан түзіледі. Бұл шеткі алолотрофиялық склерозынан,сопақша ми аймағының қан айналуының бұзылуынан т.б салдарынан пайда болады. Бұл синдромда:таңдай салбырап кетеді,қимылы шектеледі немесе жоғалады;маңқаланып сөйлейді,сөйлеуі анық емес,жқтыну қабілетінің қиындауы;сұйық тамақ мұрынан шығады,шашалып қалады.
Псевдобульбарлы синдром. Жұтыну,сөйлеудің фонациясы және артикуляциясының бқзылуы,ядролар үстіндегі байланыстар 2 жағынан бірдей зақымданғанда пайда болады. Бульбар синдромынан ерекшелігі тілдің еті солмайды,талшықтары жабысып дірілдемейді. Тіл асты жүйкенің немесе оның ми бағанасындағы ядросы зақымдалса,зақымдалған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып,әлсіреп немесе қимылдамай қалады,тілді аузынан шығармақшы болса ,ол әлсіреген жаққа қисаяды.
Псевдобульбарлы синдром – орталық мотонейрон екіжақты зақымдалады, бұлшықеттер гипертонусы, гиперрефлексиясы болады, бірақ атрофия болмайды.
Бульбарлы синдром – перифериялық мотонейрон біржақты зақымдалады, бұлшықеттер әлсіздігі, фасцикуляциясы, атрофиясы, рефлекторлы импульстар мүлдем өтпейді.
Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу
мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония
немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді,
сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлексия байқалады.
Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады.
Оральді автоматизм рефлекстері Ауыз рефлексі – неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді жеңіл соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық етінің жиырылуы.
Мұрын – ерін рефлексі – неврологиялық балғамен мұрынның ұшын жеңіл соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.
Алақан – иек рефлексі бас бармақ томпағы тұсын сызып тітіркендіргенде иек бұлшық етінің жиырылуы. Ауыздық автоматизм рефлекстерінің дамуы кортико-нуклеарлық шоғырдың екі жақты зақымдануымен байланысты.
19. Деменция: патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, алдын алу шаралар.
Деменция (лат. dementia — - жүре пайда болған ақыл-ойдың кемуі, ақыл-ойды қандай да бір дәрежеде жоғалтумен бұрын меңгерген білім мен практиканы ұмыту және жаңадан материалды меңгеруді қиыншылықпен немесе мүмкінсіздікпен есте сақтау. Деменция - психикалық функциялардың бұзылуымен, мидың зақымдануы нәтижесінде болатын, ең жиі — қартайғанда байқалатын патология.
Этиологиясы:
жиі созылмалы түрде бірнеше препараттарды бірге қолдану;
Тұқым қуалауға бейімділік – Альцгеймер ауруы;
Микроинсульттар;
Паркинсон ауруы, энцефалопатиялар, Пик синдромы;
Инфекциялық қабынулар – менингит, арахноидит, АИТВ кезінде.
Балалардағы гидроцефалия;
Травма, т/б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет